Білім

Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

Колледж

Білім беру жүйесінің сапасын арттыру және жастарға дұрыс бағыт беру — ел болашағын жарқын етуге ықпал етеді.Қоғамның дамуы мен елдің болашағы — білімді ұрпаққа тікелей байланысты.

Білім — адамның дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамға қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін құрал. Ал ғылым осы білімді жүйелендіріп, жаңа білім көздерін ашуға жол ашады. Заманауи әлемде ғылым мен білім бір-бірімен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, білім сапасы — еліміздің өркениетті жолға түсуінің басты шарты. Бұл — мемлекет жаңа буынның біліміне ерекше көңіл бөліп, оның дамуына барынша жағдай жасауы қажет деген сөз.

Әрбір жаңа ұрпақ өзінің білім деңгейімен қоғамды ілгері дамытуға ықпал етеді. Мысалы, қазіргі жастар цифрлық технологияларды меңгеріп, жаңа инновацияларды қолданысқа енгізіп жатыр.  Жастардың білімі мен ғылымға деген қызығушылығы елдің ғылыми әлеуетін арттыруға, жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Білімді ұрпақ экономиканы әртараптандыру мен индустриалды жаңғырудың негізгі қозғаушы күшіне айналады. Ал білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тек білім беру ғана емес, тәрбие мәселесі де маңызды. Білімділік пен тәрбиенің үйлесімі ғана нәтижелі болады. Жастар тек ғылыми білім алып қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен моральдық нормаларды да меңгеруі қажет. Ұлттық сананы қалыптастыру, жастарға өз елінің тарихы мен мәдениетін таныту, патриоттық тәрбиені күшейту арқылы біз тек білімді ғана емес, жауапты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Роза САРБАСОВА,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық

колледжінің тарих пәнінің оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button