Редакция
Бас редактор Сәтжан Құлшарұлы ДӘРІБАЙ
1973 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр ауылында дүниеге келген.
1992-1996 жылдар арасында Стамбул қаласындағы Мармара университетінің журналистика факультетін оқып тәмамдады.
Еларалық «Заман-Қазақстан» (1996-1999 ж.ж.), республикалық «Жас Алаш» (1999-2000 ж.ж.) газеттерінде тілші, республикалық «Алтын орда» (2000-2003 ж.ж.) газетінде бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. 2004-2021 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы, 2021 жылдың наурыз айынан жыл аяғына дейін «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары. 2022 жылдың басынан «Ақтөбе» газетінің бас редакторы.
2009 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Қазіргі қазақ поэзиясы» сериясымен «Жазушы» баспасынан «Фәни мен бақи» атты алғашқы өлең кітабы жарық көрді. 2011 жылы Ақтөбе қаласынан «Маңдай» атты екінші кітабы жарыққа шықты. Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушыларға арналған «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шыққан 50 томдықтың 46-томы (2019 жыл) Сәтжан Дәрібайдың өлеңдеріне арналды. Өлеңдері, сондай-ақ, «Гүл-ғұмыр» жыр жинағы мен «Жәдігер» антологиясында жарияланды.
Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі.
Бас редактордың орынбасары Мейрамгүл Сатаева
Қобда ауданы Әлия ауылында туған.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Журналистика саласында 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Еңбек жолын «Толқын» қалалық радиосынан бастады. Облыстық «Ақтөбе» қоғамдық- саясигазетінде тілші, әдеби редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Республикалық «Алтын Орда» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары қызметтерін, республикалық Қазақ радиосының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі, «Ақтөбеньюс» ақпараттық сайтының бас редакторы, «Ақтөбе ұстазы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары.
Халықаралық «Шабыт-2006» шығармашыл жастар фестивалінің журналистика номинациясы бойынша лауреаты. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатының,ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Құрмет» грамотасының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Құрмет» грамотасының, Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасының, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі иегері.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
АҚПАРАТ ЖӘНЕ САЯСАТ БӨЛІМІ:
Бөлім меңгерушісі
Данагүл ҚАЗИХАН
«Ақтөбе» газетінің ақпарат және саясат бөлімінің меңгерушісі.
Ырғыз ауданында туған. Білімі — жоғары. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
Облыстық «Ақтөбе» газетінде 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Журналистикадан бөлек шығармашылықпен айналысады. Оның өлеңдері республикалық, облыстық басылымдарда жарыққа шығып жүр.
ҚР Тұңғыш Президентінің арнайы Алғыс хатымен, сондай-ақ басқармалар тарапынан бірнеше рет Алғыс хатпен марапатталды.
Өңірлік жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Тілшілер
Ақерке Сатыбалды
«Ақтөбе» газетінің тілшісі.
Хромтау ауданы Қызылсу ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Филология ғылымдарының магистрі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетін, Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік университетінің филология және журналистика факультетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын «Керек.info» қоғамдық-ақпараттық апталық газетінде тілші болып бастаған. 2015-2018 жылдар аралығында «Тандем» радиосында еңбек етті. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің ақпарат және саясат бөлімінде еңбек етіп келеді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ақбота Қалдыбек
«Ақтөбе» газетінің тілшісі.
Әйтеке би ауданында дүниеге келген. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қостанайқалалық «Рассвет» радиосында бастады. 2015-2016 жылдары Қостанай қалалық «Біздің Қостанай» газетінде жұмыс істеді.
2016 жылдың қазан айынан бастап «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің ақпарат және саясат бөлімінде еңбек етіп келеді.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ:
Бөлім меңгерушісі
Айбек ТАСҚАЛИЕВ
Ақтөбе қаласында туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2009-2014 жылдары республикалық «Нұр Астана» жастар газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. 2014 жылдан бері облыстық «Ақтөбе» газетінде еңбек етіп келеді.
«Журналистика» аталымы бойынша Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің I орын иегері (2012 жыл), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2019 жыл), Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпазы (2019 жыл), басқа да республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің, басқарма басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Тілшілер
Нұрмұханбет Дияров
Шалқар ауданы Байқадам селосында 1958 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Қорғантұз орта мектебінің түлегі.
Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1982 жылдан облыстық «Коммунизм жолы» («Ақтөбе») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерінде болды.
Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының жауапты хатшысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ақпарат саласының үздігі.
Шалқар ауданының құрметті азаматы.
Қазақстанның Құрметті журналисі.
Республикалық шығармашылық конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері атанды.
Самат Нарегеев
1984 жылы туған. Орал қаласы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы аудандық «Ойыл» газетінде тілші болып бастады. 2019 жылдан бастап облыстық Ақтөбе газетінің тілшісі. ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БӨЛІМІ:
Бөлім меңгерушісі
Гүлжан Базылқызы
Байғанин ауданы Алтай батыр ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультеты журналистика мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын республикалық «Алтын Орда» газетінде бастады. 2004 жылдан бері облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінде жұмыс жасап келеді. Газеттің әлеуметтік сала және мәдениет бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Тілшілер
Айнұр ЖАЛМАҒАНБЕТОВА
«Ақтөбе» газетінің тілшісі.
Әйтеке би (бұрынғы Қарабұтақ) ауданында дүниеге келді.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін журналистика мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылдан бері облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінде еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік сала және мәдениет бөлімінің тілшісі.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Құрметті оқырман! Мақалаңызды газетіміздің электронды поштасына жіберіңіз. aktobegazeti@mail.ru