Жаңалықтар

Ет пен сүт өнімдеріне сұраныс жоғары

Жазира МИНБАЕВА, бизнес бастаушы.

Қазір тұрғындар арасында табиғи сапалы өнімдерге сұраныс жоғары. Сондықтан биыл 1 миллион 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, осы бағытта өз кәсібімді бастауға ниет еттім. Бүгінде шағын дүкеніме қажетті қондырғыларды сатып алдым. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек біз секілді көп балалы отбасыларға үлкен мүмкіндік. Болашақта кәсібімді одан әрі кеңейтіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткім келеді. Алдағы уақытта дүкен ашып, жартылай дайын өнімдер мен ет, сүт өнімдерін ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатуды жоспарлап отырмын. Сатылымға қойылған өнімдерімді нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзанырақ сатамын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы нақты шешімдері, ел үкіметі мен кәсіпкерлік палатасының үйлесімді жұмысы халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп. Сауда желілерінің кеңеюі — кәсіпорындардың бәсекелестігін арттырады.
Ауыл тұрғындарына табиғи таза өнімді арзан бағада ұсыну үлкен көмек деп ойлаймын.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button