Қысқы жолдың күтімі
Жол
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісібарысында жолдарды қысқы күтіпұстау және қауіпсіздікшараларын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы күтіпұстауға 46 кәсіпорын жауапты екенін айтты. 505 техника дайындалған, оның ішіндеарнайы 104 техника ұзындығы 1 869 шақырым республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетеді.
38,6 мың тонна инертті материал, 2,9 мың тонна дизель отыны дайындалды. Бүгінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 200 тонна дизель отыны және 6 мың тоннаға жуық инерттіматериалдар пайдаланылды.
— Жолдарды тазарту және тұз себу жұмыстарын мердігер ұйымдар үнемі жүргізіп отырады, оған тұрақты бақылау орнатылған. Жыл басынан бері республикалық трассаларда алты рет шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта барлық бағыт бойынша жол ашық. Алайда ауарайының нашарлауы және трассалардағы қозғалыстың жабылуы жағдайында қызмет көрсететін 15 жылыту пункті дайын. Жол бойында орналасқан бұл пункттер төсек-орындарымен жабдықталған. Қолайлы жағдай жасау үшін Хромтау және Әйтеке би аудандарымен өтетін Самара-Шымкент автожолында айналма жолдар салынды,— деді басқарма басшысы.
Облыс әкімі мердігер ұйымдардың жұмыстарын орындау сапасын бақылауды күшейтуді, жолдарды қар мен мұздан үнемі тазалауды, сондай-ақ көктайғақты болдырмау үшін инертті материалдардыуақтылы себуді тапсырды. Сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, кептелістер мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, техника мен жеке құрамды жұмылдыру, жол қызметтері мен құтқару бөлімшелерінің шұғыл әрекет ету дайындығын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.