Қамқорлық пен қолдау
Биыл елімізде жәрдемақының мөлшері өсті. Бұл — мен секілді көпбалалы аналар үшін жақсы жаңалық. Төрт баламыз бар. Жолдасым жеке мекемелердің бірінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Өзім бала тәрбиесімен үйде отырмын. Үлкен қызым үшінші сыныпта оқыса, одан кейінгісі бірінші сыныпқа барады. Жолдасымның айлығы бір отбасын асырауға жетпейді. Алайда мемлекет бізді қамқорлықсыз қалдырған жоқ. Екі кішкентай қызыма атаулы әлеуметтік көмек және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы аламын. Бұл — мен сияқты үйде бала тәрбиесімен айналысып отырған аналарға үлкен көмек. Мемлекеттің осындай қамқорлығына ризамын. Қандай да бір кәсіп бастап, жеке іспен айналысамын десең, қайтарымсыз грант та беріледі. Алайда балаларым әлі кішкентай болғандықтан грант алғаным жоқ. Жалпы, мемлекет көпбалалы отбасыларды назардын тыс қалдырмай, барлық мүмкіндікті ұсынып жатыр. Тек оны ұқсата білу керек.
Гүлзат ҚАЛИЕВА,
Шалқар қаласының тұрғыны.