Мемлекеттік қолдаудың жемісі
2016 жылы Қарақалпақстан мемлекетінен өз Отанымызға қоныс аудардық. Биыл отау құрғанымызға 12 жыл болады. Қоныс аударған алғашқы жылдары қиын болды. Жалдамалы пәтерде тұрып, ай сайын тапқан ақшамызды санап беріп жүрдік. Үй салып, ақша жинауға мүмкіндік болмады. Содан жергілікті әкімшіліктің көмегіне жүгіндік. Олар «қандас» санатына жататын адамдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер барын, құжаттар жинап, тапсыру керектігін айтты. Сөйтіп, жұмыспен қамту орталығының ұсынған ақылы еңбек жұмыстарына орналасып, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарына ендім. Жолдасым екеуміз ақшамызды жинап, баспанамыздың іргетасын қалай бастадық. 2018 жылы бастаған үйімізді 2020 жылы аяқтап, орналасып алдық. Жақында үшінші сәбилі болдық. Көпбалалы отбасылар мен қандастардың жағдайын жақсартуға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді ұйғарған Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. Осындай бағдарламалар біз тәрізді отбасыларға үлкен үміт сыйлайды.
Алдағы уақытта осындай қаржылай қолдау арқылы ұсақ мал алып, тұрмыстық тіршілігімізді жақсартып аламыз деп ойлаймыз. Аузымызды аққа жеткізіп, артылғанын сауда қылсам, жиналған қаражатты балаларымыздың керек-жарағына жұмсасақ деймін. Осындай бағдарламалардың шарапаты мол. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік қолдау көмектерін тиімді пайдаланып, кәсіп бастап, отбасылық тұрмыс жағдайын жақсартуға болады. Мен оны үлкен сеніммен айта аламын!
Іңкәр ҚҰРБАНБАЕВА,
Мәртөк ауданы.