Мобильді аударымдар
Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.
Критерий бір жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысы ішінде жүз және одан да көп түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес).
2025 жылдан бастап 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша банктерден ақпарат ұсынылатын болады.
Аталған шара жасырын кірістерді және тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеу құқығы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданыстағы критерийге өзгерістер енгізілуде.
Сондай-ақ келесідей критерий белгілеу ұсынылады: «Бір жеке тұлғаның банк шотына келесі үш айда 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен асатын ай сайынғы ақшалай қаражатының түсуі» (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).