Жаңалықтар

Француз десертіне сұраныс жоғары

Әсел ӘЛЖАНОВА, бизнес бастаушы, Хромтау ауданы.

— Төрт баланың анасымын. Жолдасым түрлі шаруалармен айналысады. Хромтау қаласында тұрамыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашудың қыр-сырын меңгердім, кондитерлік өнімдер бойынша бизнес жоспарымды сәтті қорғап,
1 миллион 400 мың теңге грантқа қол жеткіздім. Былтыр маусымда өз бизнесімді аштым. Қазіргі күні үйден кондитерлік өнімдер, оның ішінде түрлі пирогтар мен «Макарон» француз десертін жасаймын. Десерттің бұл түріне сұраныс жоғары. Ақуыз бен бадам ұны және қанттан жасалатын бұл десерт қаламызда көп сатыла бермейді. Сондықтан да бұл өнімге деген жастардың сұранысы жоғары.
Кәсіпкерлерге, оның ішінде өзім сияқты бизнес бастаушыларға мемлекеттен ерекше қолдаудың болатынына көзім жетті. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы нақты шешімдеріне, оның бер жағында ел үкіметі мен жергілікті биліктің үйлесімді атқарып жатқан жұмысына ризашылығым зор. Бүгінде грант қаражатына кәсіби пеш пен тоңазытқыш, жұмыс столы мен шкаф, сапасы жоғары миксер мен блендер сатып алдым. Бұл құрылғылар менің бизнес бастаудағы жұмысымды едәуір жеңілдетіп, өнім өндіру мүмкіндігін арттыра түсті.
Қазіргі таңда өз өнімдерімді Хромтау қаласы мен жағын ауылдарға өткізіп отырмын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button