Мерей

Белсенді оқырманға құрмет

Ұзақ жылдар Шалқар ауданында жемісті еңбек етіп,сол өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына лайықты үлес қосқан, ел басқарған азаматтардың бірі Төлбай Садықовтың 70 жасқа толуына байланысты «Ақтөбе Медиа» ұжымы мерейтой иесін құттықтады.

— Сіз еңбек жолыңызды комсомол қызметінен бастап, аудан әкімінің орынбасары лауазымына дейін көтерілдіңіз. Көптеген игі бастамалардың дем берушісі болдыңыз, халыққа іскер де ұтымды ұйымдастырушы, үлкен бедел иесі ретінде танылдыңыз. Сіз сондай-ақ облыстық «Ақтөбе» газетінің тұрақты оқырманысыз, сонымен бірге көптен бері автор болып келесіз. Сіздің қоғамдағы әртүрлі мәселелерге байланысты ой-пікіріңіз, көзқарас-ұстанымыңыз біз үшін құнды,— деді «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин.

Ардагер ағаға жылы лебізін білдірген журналист Нұрмұханбет Дияров оның байырғы теміржолшы әулетінен шыққанын, өзі де әке дәстүрімен теміржол инженері мамандығын игерегенін айтты. Ақын Талғат Тілеулесов той иесіне жыр арнады.

Төлбай аға өзінің өмірлік серігі Роза Нағымқызымен бірге ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, немерелер сүйіп отыр.

Төлбай Сәңкібайұлына құттықтау хат тапсырылып, құрмет көрсетілді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button