Жаңалықтар

Есірткіге жол жоқ!

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбы аясында «Закладка» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Студенттер сарайында өткен іс-шараға 700-ден аса көрермен қатысты.

Бүгінде интернет-дүкендер арқылы сауда жасау қолжетімді екені белгілі. Мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткіні әлеуметтік желілер, атап айтқанда, Telegram арналары арқылы тарату белең алған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Осы тақырыпта түсірілген режиссер Ринат Балғабаевтің «Закладка» фильмінің көрсетілімі облысымыздың әр ауданында бір мезгілде көрсетіліп жатыр. Бүгінде өзекті мәселеге айналған есірткіні заңсыз сату бойынша облыста кәмелетке толмаған 1 жасөспірім ұсталды.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 297-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды.  Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылады. Осы заңбұзушылық негізінде жастарды еліктіретін заңсыз әрекеттерден алшақтату мақсатында бірқатар жұмыс жоспарланып отыр, — деді облыстықполиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подколковнигі Асхат Асқаров.

54 минуттық фильмде бірнеше адамның тағдыры баяндалады. Оқиға желісі шынайы өмірден алынған. Ал кейіпкерлері сол оқиғаны басынан кешіп, темір торға қамалған адамдар.

 Жас достар, синтетикалық есірткіөте қауіпті зат. Оны тұтынуға да, сатуға да болмайды. Жаңа ғана бейнероликте көрсеткендей, 19 жастағы жігіт екі-ақ күн есірткі тасымалдаған, сол үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Жастық шақтарыңызды сәнді де мәнді, пайдалы өткізуге тырысқан жөн. Бүгінгі көрсетілім оңай жолмен тапқан ақша ешқашан пайда әкелмейтінін тағы да дәлелдеді, — деді Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов.

Айдана АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button