«Ақтөбе — құтты мекен»

Шаңғы жарысы өтті

Ақтөбе-155

Марат Оспановатындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Жастар арена» спорт кешені жанындағы шаңғы алаңында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі шаңғы жарысы өтті.

«Сұңқар» спорт клубы және дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жарыс сүйікті қаламыз Ақтөбенің 155 жылдығына арналды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ректоры Әсет Қалиев дәстүрлі түрде өтетін жарыстың оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалы зор екенін ерекше атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шаңғы жарысына 24-60 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер жас ерекшеліктеріне қарай 8 топқа бөлініп қатысты. Жарысқа қатысушылар 500 метр, бір және екі шақырымды бағындыру үшін сынға түсті. Е.Дёманың төрағалығымен А.Дуанбеков, Р.Канапина cекілді төрешілер жарысқа төрелік етті.

Жалпы командалық ұпай қорытындысы бойынша Iорынды стоматология және қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің кафедралары жеңіп алды.II орынға жалпы медицина факультетінің кафедралары, III орынға университеттің Медицина орталығының қызметкерлері ие болды.

Жарыс соңында университет ректоры Әсет Қалиев жеңімпаздарды марапаттады.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

корпоративтік коммуникация қызметі жетекшісінің

міндетін уақытша атқарушы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button