Әлеумет

Кедергісіз орта қалыптастыру — ортақ міндет

Әлеуметтік қорғау

Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы туралы заңнаманың сақталуы мемлекет тарапынан қадағаланады.

Біздің облыста оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының талаптарына сай барлық әлеуметтік нысандар және көлік инфрақұрылымында, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, білім мекемелерінде, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, жеке кәсіпкерлік нысандарында мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалуы керек. Сондай-ақ әр аяқталған құрылысты тапсырыс беруші бекітілген жоба мен сәйкестік туралы декларация арқылы тексеріп барып қабылдап алып, пайдалануға беруге тиіс.

Бүгінгі күні облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2022 жылы пайдалануға берілген нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалған-жасалмағанынын анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Amanat партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасын жүзеге асыру аясында, тиісті органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен, облыс аумағындағы әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымдарында жүріп-тұруы қиын азаматтардың өз беттерімен кіріп-шығуына жағдай жасалғанын анықтау бойынша мониторингтік жұмыстар жалғаса береді.

Жоғарыдағы Заңның талабында көрсетілгендей, әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымында мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруы қамтамасыз етілмеген жағдайда лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

А.МҰХИТОВ,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button