Әлеумет

Әлеуметтік қызметкер немесе сенімді серіктес

Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау — мүгедектер мен қарт азаматтардыңөмір сүру сапасын  жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты.Сондықтан қазір елімізде әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мүгедектер мен жалғызілікті қарттарды әлеуметтік қамсыздандыру еліміздің дамуы мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұрмыс жағдайын қолдауға негізделген. Бұл орайда әлеуметтік қызметкердің рөлі ерекше. Ол — осындай топтағы азаматтардың әлеуметтік проблемаларын жеңуге көмектесіп қана қоймай, олардың басқалармен тең дәрежеде қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін жасау үшін стационарлық, жартылай стационарлық, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман. Бұл —осы іске жан-тәнімен берілуді, мейірімділікті және басқаларға көмектесуге деген шынайы ниетті қажет ететін қиын мамандық. Облыстық жұмыспенқамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының мандары көмекке мұқтаж жандардың өміріне күн сайын араласады.Адамға жалғыздықтан асқан қорқынышты ештеңе жоқ шығар, қартайғанда жалғыз қалу тіпті қиын.Адам өзінің бүкіл өмірін еңбекке, өзгенің қамын ойлауға арнап, жеке өмірін ұмытып, отбасын құрмағанын, жалғыз қалғанын кейінгі жылдары ғана түсініп жатады. Сондай шақта  әлеуметтік қызметкер оның сенімді тірегіне, қоғаммен байланыстырушы «көпірге» айналады.Жалғызілікті қариялар,  мүмкіндігі шектеулі, денсаулығы нашар адамдар мұндай жағдайда не істеу керек? Олар үкіметтен қандай көмек күтеді, қайдан алуға болады?

Әлеуметтік қызметкер кімге керек? 

1.Бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедекбалалар;2.Бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар;3. Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;4. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;5. Кәрілікке байланысты өз бетінше күтім жасай алмайтын адамдар;Облысымызда 2070 жалғызбасты және қарт тұрғынға, сондай-ақ мүгедек тағайындалған тұлғалар мен ерекше балаларға үйде қызмет көрсетіледі. 

Әлеуметтік қызметкер қандай көмек көрсетеді? 

Әлеуметтік қызметкерлер 8 қызмет түрін көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық.Қызметтерді тағайындау кезінде қызметті алушылардың жасы, денсаулық жағдайы, жеке оңалту және оңалту бағдарламасының ұсынымдары, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі және өмір сүру жағдайлары ескерілуге ​​тиіс.Сонымен қатар олардың тұлғалық даму деңгейін арттыруға, әлеуметтену мен интеграциялауға, үйде күтімге мұқтаж адамдарды анықтауға және есепке алуға, отбасы мүшелерін көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлері туралы ақпараттандыруға бағытталған жеке қажеттіліктер ескеріледі.

Бір әлеуметтік қызметкерге қанша адам бекітіледі? 

Үйде күтім жасау бойынша бір әлеуметтік қызметкерге 8-10 адам бекітіледі. Яғни   қарт және мүгедек жандарға, психоневрологиялық патологиясы бар 4-6 балаға, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.

Әлеуметтік қызметкер қызметі үшін қайда жүгінуге болады? 

Әлеуметтік қызметкердің қызметін алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет.Әлеуметтік жұмыс тек мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның жұмысы екенін есте ұстаған жөн.Мұқтаж жандарға көмектесу және қолдау көрсету үшін барлығымыз өз үлесімізді қоса аламыз.Әрбір адам лайықты өмір сүруге құқығы бар.

 Л.ЖҰБАНДЫҚОВА,облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы.       

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button