Әлеумет

Мыңнан астам балаға көмек көрсетті

Мектепке жол

 «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына облыс мешіттері де үлес қосты.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен 1119 балаға мектепке қажетті оқу құралдары әперілді.

Бұл қайырымдылық іс имамдар мен «Анвар» сауда желісінің демеушілігімен жүзеге асып отыр. Имамдар облыс бойынша 759 балаға оқу құралдарын әперсе,тағы 360 балаға демеуші көмек көрсетті.

Оқу құралдарын табыстау үшін балалар мен олардың ата-аналары мешіттерге арнайы шақырылды. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы: «Халқымыздың «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» деген сөзі бар. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да — бала жүрегіне қуаныш ұялату. Алла тағала осы балалардың зейінін ашып, еліміз бен жеріміздің игілігіне қызмет ететін тұлғалар болуын нәсіп еткей!» — деп, бүлдіршіндерге алдағы оқу жылына сәттілік, әр отбасына бақыт тіледі.

Ата-аналар да сөз алып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жандарға алғысын жеткізді.

А.ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button