Әлеумет

Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек

Қолдау

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну жолымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету; мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету –  жылына алпыс сағат.

Көмектің бұл түрін белсенді форматта алуға болады. Проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішісіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

Бұл проактивті қызметтің артықшылығы —  мобильді азаматтар базасында тіркелген адамға Халыққа қызмет көрсету орталығы бөліміне жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта, үйінде отырып, келіп түскен СМС-хабарламасына жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігі.

Жүйе СМС-хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға  жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.

Үлгі:

«Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі:

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қамтитын «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін деректер автоматты түрде «Е – Собес» ААЖ-ға және мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің абоненттік құрылғысына беріледі Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен СМС-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.

Көрсетілетін қызметті алушы СМС-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.

Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

Қызметті көрсету мерзімі келісу түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

Сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салудың күші жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына құжаттарды ресімдеу мүмкін остігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

Қосымша ақпараттарды алу үшін Ақтөбе қаласы Некрасов көшесі, 112 мекенжайында орналасқан «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.30 аралығында жолығуға болады.

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру

және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button