Жаңалықтар

Шегірткеден қауіп бар

Брифинг

Облыс аумағында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті препараттар толықтай алынып, аудандарға жеткізілген.

Олар республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынды.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жиынға облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы Арыстанбек Жәкібаев қатысты.

Болжам бойынша биыл облыста 784,4 мың гектар аумаққа үйірлі шегірткеден қауіп төнбек. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының хабарламасында көрсетілгендей, мамырдың алғашқы онкүндігінде Ырғыз, Мұғалжар, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір, Қобда аудандарында шегірткелер байқалған, соның ішінде Ойыл ауданының Көптоғай, Шығанақ Берсиев, Ойыл ауылдық округтерінде жаппай байқалған.

Бүгінде Ойыл, Ырғыз, Темір, Шалқар, Алға, Мұғалжар аудандарында химиялық өңдеу жұмыстарыбасталып кетті. Қазірге дейін 10,798 мың гектар жер өңделді. Бұл жұмысқа желдеткіш бүріккіштер және аэрозолдық генераторлармен қатар, үш ұшақ  пайдаланылады. Ал зиянкестерге қарсы мониторинг жұмыстарына 273 адам жұмылдырылып отыр.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button