Білім

9236 түлек мектеп бітіреді

Соңғы қоңырау

25 мамыр күні түлектер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізіледі. Биыл 9236 түлек мектеп бітіреді. 12-15 маусымда аттестаттарды табыстау рәсімі ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова қатысты.

— Наурыз-сәуір айларында 8 аудан — Алға, Әйтеке би, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Мұғалжар, Ырғыз бен Ақтөбе қаласында су тасқыны болды. Ақтөбе қаласы мектептерінің базасында орналасқан барлық 16 пункт басқа орындарға көшіріліп, 17 сәуірден бастап сабақ толығымен дәстүрлі форматқа көшірілді.

Сәуірдің соңына дейін Ойыл мен Ырғыздағы 9 мектепте (2146 оқушы үшін) оқу процесі қашықтан ұйымдастырылды.

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауыменОйыл ауданындағы 5-8,10-сыныптағы (109) және 9,11-сынып оқушылары (52), сондай-ақ Ырғыз ауданы бойынша қашықтан оқытылатын 8 мектептің 5-8 және 10-сынып (855) оқушылары аралық емтиханнан (қазақ тілінен), 9,11-сыныпты бітіруші 280 оқушы қорытынды аттестаттаудан босатылды, — дейді Нұргүл Бертілеуова.

24 мамырда өңірдегі барлық мектепте 1-10-сынып оқушыларына «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылады.

Өңірдегі 429 мектепте179 892 оқушы білім алып жатыр.Оның ішінде 9-сыныпты бітіретіноқушылардың саны — 15 282. 1423 оқушы (9,3 пайыз) — негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер. 11-сыныпта оқитын 681 бала (7,4 пайыз) — орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер. «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің саны — 490 түлек (5,3 пайыз).

Нұргүл Лескенқызының айтуынша, түлектерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру барысында  аниматорларды, агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастарқан ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдаланып, қалада немесе қала сыртында экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға рұқсат етілмейді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу облыстағы 2 пунктте (Ақтөбе және Шалқар қалаларындағы USTUDY орталығы базасында) екі кезеңде өтеді. Қазіргі уақытта 8342 түлек (90,2 пайыз) тестілеуге тіркелген.

Біздің облыстың түлектері үшін ҰБТ өткізу мерзімі: 25 мамыр-12 шілде.

Батыс өңірлерінің жастары үшін 3200 нысаналы грант жеке жоспарланып отыр, қосымша нысаналы гранттар бөлу мәселесі пысықталуда, — дейді Нұргүл Лескенқызы.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button