Спорт

25 мамыр – 2 маусым аралығында  Ақтөбе спортындағы кезекті бір елеулі спорттық жарыс, шахматтан  «Мемориал Владимира Дворковича-Aktobe Open 2024» халықаралық турнирі өткізіледі

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 25 мамыр күні сағат 10:00-де «Асе» теннис орталығында өтеді.

Интеллектуалды ойынға көңіл аударып, дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Қазіргі күні шахмат спорты көпшілікке танымал спорт түрінің бірі.

Халықаралық турнирге 22 елдің жалпы саны 200-ден астам үздік шахматшыларының қатысуы күтілуде.

Жүлде қоры 45 млн.теңге турнирін Қазақстан Шахмат федерациясы ұйымдастырды. Freedom Holding Corp. инвестициялық компаниясы, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС сынды белді компаниялар демеушілік жасады.

Халықаралық турнирмен қатар 55-тен және 65-тен жоғары жастағы сеньорлар арасында шахматтан ҚР чемпионаты өтетін болады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button