Білім

Жеңімпаздар облыс намысын қорғайды

«Worldskills-Aktobe-2024»

Студенттер сарайында биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған «Worldskills-Aktobe -2024» облыстық чемпионатының жабылуы өтті.

Алдымен облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан сөз алып, чемпионаттың маңыздылығына тоқталып, үш күнге созылғанжарыстың тартысты өткенін, жастардың тиянақты дайындалғанын айтты.

«WorldSkills» жобасы — әлем бойынша кең таралған халықаралық жоба.Негізгі мақсат — жұмысшы кәсіптеріннасихаттау,жұмысшылардың мәртебесін, беделін арттыру және жастардың шеберлік дағдыларын дамыту.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі — кәсіпорындармен тығыз байланыс орнату. Соның арқасында жастар кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтумен бірге оқуды бітіргеннен кейін сол кәсіпорындарға жұмысқа орналасатын болады, — деді Жайық Сұлтан.

Аталған чемпионатта облыстағы 32 колледжден 21 жасқа дейінгі 400-ге жуық жас бақ сынады. Чемпионат 82 құзыреттілік бойынша өткізілді: веб-дизайн, электр монтажы, аспаз ісі, шаштараз өнері, дәнекерлеу технологиясы, киімді жобалау және модельдеу, мехатроника, тас қалау және т.б.Негізгі 30 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылған байқау Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі және 10 колледж базасында өткізіліп, оларға  әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың жетекші мамандары сарапшылық етті.

Жеңімпаздар қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды.

Айта кету керек, былтыр «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионатында біздіңөңір 2 алтын, 1 күміс, 3 қола және 8 медальон жеңіп алып, ел бойынша 7-орынды иеленген-ді.Алтын медаль иегерлері — Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің оқушысы А.Балбердинов пен Ақтөбе автожол колледжінің оқушысы Р.Мифтахетдинов биыл Францияның Лион қаласында өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстан құрама командасын таныстыратын болады.

Біздің облыс «WorldSkills Kazakhstan» жұмысшы мамандықтарын дәріптеу жөніндегі халықаралық қозғалысқа 2015 жылы кірді. Содан бері өңірде чемпионатдәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Іңкәр АЛТАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button