Су тасқыны

Облыстық қоғамдық штаб төрағасы мен штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты «Нефтяник» бау-бақша ұжымында тұратын қала тұрғыны үйіне барып, отбасының қазіргі жағдайымен танысты

Облыстық қоғамдық штаб төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева мен штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ардақ Өтегенов «Нефтяник» бау-бақша ұжымында тұратын қала тұрғыны Айгүл Момированың үйіне барып, отбасының қазіргі жағдайымен танысты.

Көктемгі су тасқыны кезінде бұл бау-бақша ұжымында көп үйді су басқан. Олардың қатарында Айгүл Момированың да үйі бар. Қазір ол отбасымен Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі жатақханасында уақытша тұрып жатыр.

💬 Қала тұрғыны жақын күндерден бері баспанасына келіп, үйін кептіріп, жинап жатқанын жеткізді.
Белгілі болғандай, бұл саяжайға бағалаушы компаниялар 15 маусымға дейін келуге тиіс.

Айгүл Момирова арнайы келіп, жағдайын сұраған қоғамдық штаб мүшелеріне ризашылығын жеткізіп, тілегін білдірді. Оның үйін тазалау жұмыстарына «Жасыл ел» жасағының бір топ сарбазы атсалысты.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button