Ашаршылықтың ауыр зардабы: құжаттар сөйлесе…
ХХ ғасырдың басындағы ауыр сынақтар қазақтың ұлт болып сақталып қалуын екіталай еткен еді. Сол кездердің шындығына үңілу үшін, архив деректерін ақтарғанда, ашаршылық қасіретінің қаншалықты ауыр болғанын түсінеміз, ашаршылықтың басты себебі — қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйреткен жағдайларға күйінеміз, ең бастысы, бұл қасірет енді қайталанбауы үшін де ешқашан ұмытылмауы керек екенін ойлаймыз…
Осындай ниетпен біз бүгін Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві қорында сақтаулы бірнеше құжатты көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан, Еділ бойы, Орал, Сібір, Украина, Солтүстік Кавказ аймақтарын аштық жайлады. Қазақстанды Ф.Голощекин басқарған 1925-1933 жылдары индустрияландыру және ұжымдастыру саясаты «асыра сілтеумен» жүргізіліп, мұның соңы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Ұжымдастыру жылдарында көшпелі халықты отырықшылыққа көшіру саясаты да қатар жүргізілді. Зерттеушілердің дерегі бойынша, ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 миллион бас мал болса, 1933 жылдың 1 қаңтарында соның бар болғаны 4,5 миллионы ғана қалған.
Біздің архивте сақталған Қазақстан коммунистік партиясы Ақтөбе облыстық комитетінің құжаттарында 1920-1930 жылдардағы ашаршылық тұсындағы халықтың жағдайы баяндалады.
1932 жылы облыста қуаңшылық болып, кейбір аудандарда астық аз алынса, кейбір ауданда мүлде шықпай қалған. Мұның өзі халық арасындағы наразылықты күшейткен. 1933 жылғы 5 ақпанда Ақтөбе стансасынан жіберілген шұғыл хабарламада:
«ст.Актюбинск Самаро-Златоустановская ж.дор.
ПО состоянию на 5 февраля 1933 г
ПОЛИТИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ РАЙОНА.
К отрицательным моментом в области политического состояние района необходимо отнести, главным образом, неудовлетворительное положение со снабжением, которое играет в настоящее время основную роль на политическом настроении всех прослоек транспортников. Такое положение с выплатой зарплаты, которая систематически задерживается, что безусловно дает повод и выражению а/сов. настроения и недовольства, которое используется а/с элементом для разжигания этих недовольных, тем не менее проявленные недовольства не имеют формы организованных выступлений, а ограничиваются лишь отдельными выступлениями.
МАССОВЫЕ ВЫСТУПЛЕНИЯ .
За отчетный период забастовок, массовых невыходов на работу, распространения а/с листовок и брошюр и т.д. отмечено не было.
ПОЛИТНАСТРОЕНИЕ.
а/ Рабочие.
Преобладающими темами недовольств среди рабочих районе и а/с суждений, как и указывалось в характеристике общего политнастроения, являются главным образом вопросы продовольственного снабжения и несвоевременная выплата зарплаты, которые в суммовом выражении сводятся к тому, что: «Дальше так продолжаться не может, рабочие голодают и пухнут с голода и никто на это не обращает внимания» — делінген.
Мұнда «антисоветтік» деген сөз «а/с» деп қысқартып берілген.
Азық-түлік тапшылығы себепті ашыққан халық бас сауғалап, жан-жаққа көшіп кете бастады. Облыстық ОГПУ бөлімінің 1933 жылғы 5 қыркүйектегі баяндамасынан халықтың жағдайы қаншалықты ауыр болғанын көреміз:
«…Иргизкий р-он: В 27 ауле население переживает острые продзатруднения. Отпускаемая продпомощь целиком распределяется между активом, а голодающие не получают. Имеется много смертных случаев.
Челкарский р-н: В ауле №12 из-за отсутствия продуктов питания почти все население опухло. В пищу употребляются трупы павших животных, вследствие чего имеется несколько случаев заражений.
Там-же: В аулах №14, 15 и 16 за последнее время участились случаи голодной смерти. Ежедневно умирает по 3-4 человека.
Бат-Бакаринский р-н: В аул №7 на урочище «Жоли-Пан» переселилось на ликвидированных аулов 70 хоз-в, из которых осталось в живых только 18, остальные вместе с семьями вымерли.
Там-же: В аулах №1, 3, 5, 6 и 7 отмечены случаи людоедства, употребления в пищу мясо павших животных, собак и т.п.
Темирский р-н: В колхозе «Бадалина» аула №2 с 15 по 30-е июля умерло от голода 10 человек. Хлеб в ауле не уродился. В данное время 30% колхозников лежат опухшими от недоедания.
Отсутствие продуктов питания у большинства населения районов: Иргизского, Табынского, Тургайского, Батбакаринского и др., не урожайность нынешнего года вызвала новую волну отрицательных настроений и тенденцию к новым откочевкам в более урожайные районы.
Темирский р-н: В поселке Перелюбовском много голодающих, настроение среди которых паническое. На почве недорода идет подготовка к переезду на жительство в Украину.
Там – же: В колхозе «Жаман -Агаш» колхозники отказались выходить на работы в силу того, что им отказали выдать продпомощь.
Там – же: Колхозники колхоза « Путь Ленина» в силу не урожая охвачены паникой. Колхозник… по этому вопросу заявил: «Если не уедем отсюда, то зимой все помрем с голоду» — деген мәліметтер алдымыздан шығады.
1933 жылғы 13 ақпандағы Ақтөбе облыстық партия комитеті секретариатының №29 хаттамасында халықты азаық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілген іс-шаралар жөнінде баяндалған.
Құжаттан үзінді келтірсек:
«ПОСТАНОВИЛИ:
В виду чрезвычайно напряженного положения со снабжением обязать Союзмуку отпустить … за февраль м-ц 200 тонн муки на местное снабжение.
Утвердить следующую телеграмму т.т. Мирзояну и Исаеву:
«Положение местным снабжением катастрофическое: учебные заведения области прекращают занятия, разбегаются угрозой остановки работ рабочие Актюбхимстроя, Берчогур, Сульфатразработки, Аралсоль, другие предприятия, совершенно не снабжаем районный актив, специалистов, учителей. Перебоем получает в Актюбинске первый список также закрытию учреждения, третий совершенно не получает хлеба. Создается напряженное положение. Несмотря на целый ряд принятых мер поступление гарнца не обеспечивает снабжение, поступило первую декаду февраля всего 40 тонн, сбору авансов совхозы, крупные колхозы посланы ответработники. Учитывая это положение обком решил отпустить 300 тонн счет гарнца покрытием феврале, просим санкционировать молнируйте. Указать райкомам, что всякие позаимствования хлеба без нарядов покрываться не будет».
Облыстық партия комитетінің 1933 жылғы 20 қыркүйектегі №60 арнайы хабарламасында көшпелі және жартылай көшпелі деп көрсетілген аудандарындағы жағдай баяндалған. Шалқар, Торғай, Батпаққара, Ырғыз, Табын, Ойыл, Темір аудандарындағы қиын жағдай 1932 жылы астықтың шықпай қалуымен түсіндірілген. Азық-түлік тапшылығы себепті халық малын жаппай сойып, соның кесірінен жекеменшік сектордың шаруашылық негізі әлсіреді деп көрсетіледі.
1933 жылдың басында аштық салдарынан өлім-жітім көбейген. Архив құжаттарына көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда астықтың шықпай қалғаны немесе шыққан аз астықтың да жиналмай қалғаны, кейбір ауылдарда тұқымға берілген астықты халықтың егіс алқабына сеппей, күнделікті ішіп-жеуге пайдаланғаны туралы мәліметтер кездеседі. Мұндай аудандардың тұрғындары басқа астықты аудандарға немесе облыстан тыс жерлерге көшіп кеткен.
Нәубетке саяси баға берілді ме?
Ұзақбай ИСМАҒҰЛОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор:
— Қазақстандағы ашаршылыққа «геноцид» деген баға беру керектігі сонау 90-жылдардың ішінде айтылды. Дегенмен осы пікір әлі қолдау таппай келеді. Шетел зерттеушілерінің еңбектерінде де көп жағдайда «геноцид» деген баға кездесе бермейді. Оның себебі олардың қолдарындағы деректердің жетімсіздігінен болар деп ойлаймыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі — 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді», — деп атап көрсетілді. Мемлекет басшысы осы мақаласында тарихи құжаттарды, мәліметтерді аса мұқият зерделеп, жүйелі зерттеумен айналысып, соған сай ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілуі керектігін айтты. Бұл жаңа зерттеулерге жол ашады. Бұрынғы жабық деректерге енді еркін қол жетеді және зерттеулер қорытындысында ашаршылықтың шынайы бағасы беріледі деп сенеміз.
Мысалы, құжаттарда 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында 60 шаруашылықтың Қостанай, Жетісу жақтарына көшкені айтылады. Партия ұйымдарына көшіп бара жатқан халықты тоқтату үшін жедел түрде шара қолдану бұйырылған. 1933 жылы тұрғындардың астықты аудандарға шұбыра көшуі жыл бойы тоқтамаған.
Осы жылдың екінші жартысында облыста аштық салдарынан өлген адамдардың саны күн сайын артты. Сонымен бірге ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалардың саны күрт өсті. 1933 жылдың шілде айында жетім балалардың саны 8237 болып, 44 балалар үйі жасақталды.
Архив құжаттарында: «В связи с продзатруднениями с каждым днем растет и беспризорность. В массовых размерах зарегистрированы факты подкидывания детей к РК, РИК-ам и нашим райотделом и райаппаратам.
Уильский р-н, февраль мес. 1933 г. Увеличение количества безпризорных — 200 ч. Всего захвачено на 10/III-33 г. детдомом 400 чел., а 80 человек еще не охвачены — очень частые случаи подкидывания детей к РИК-у, д/дому и райотделению.
Темирский район. В городе Темире сильный наплыв беспризорных. За февраль открыто вновь два детдома. Всего пока в д/домах размещена 350 детей. Поступление детей продолжается» — деп, адам жанын түршіктіретін деректер қалған.
Аштық азабынан есі шыққан адамдар қайткенде бірдеңе тауып қоректенудің амалын іздеп, көне былғарыларды қайнаған суға малып жұмсартып, қайнатып, «сорпа» әзірлеп ішкен. Адамдар аштық азабына шыдамай, өзіне-өзі қол жұмсаған. Тіпті Ойыл ауданы бойынша — 3, Темір ауданы бойынша 1 адам жеу оқиғасы тіркелді деген де дерек бар. Осындай оқиғалар басқа да аудандардан баяндалады. Әрине, бұған сенгің келмейді-ақ…
Бақытгүл ЕШМҰРАТОВА,
облыстық мемлекеттік
архивтің бөлім басшысы.