Жаңалықтар

Жас маман және баспана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскен сәтінде ел дамуындағы ең маңызды он бағытты атап өтті.

Президент тоқталған ең бірінші мәселе — халықтың табысын арттыру. Әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы кіріске байланысты екені анық. Ол үшін экономикалық өсім жоғары болу керек.

Екінші проблема —  сыбайлас жемқорлықты жою. Бұл — мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құбылыс. Сондықтан Мемлекет басшысы ең алдымен осы екі мәселені баса айтты.

Тағы бір мәселе — тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Қазіргі халықтың көкейінде жүрген проблеманың бірі — осы. Менің айналамда жүрген жастардың көпшілігі пәтерге қол жеткізу үшін күні-түні еңбек етіп жүр. Жас маманның әлеуметтік жағдайы жақсы болса, еңбекке деген құлшынысы арта түсері анық. Президенттің осы мәселеге баса назар аударғаны көңілімнен шықты. Ал біз Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

 Бекзат ҚАУМЕШЕВ,

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің тарих пәнінің оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button