Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайы аумағында халықаралық стандартқа сай жылжымалы отын құю кешені салынады

Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны саналатын «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС арасында маңызды құжат бекіді. Меморандумға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен аталған мекеменің бас директоры Ильдар Шамсутдинов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда жанармай құю кешенін кеңейту және салу жөніндегі бірлескен инфрақұрылымдық жобаны іске асырылады. Бүгін әуежай аумағында халықаралық стандартқа жауап беретін жылжымалы отын құю кешенінің іргетасына капсула салынды.

Бұл жобаны жүзеге асыру Ақтөбе өңірінің көліктік-логистикалық тартымдылығын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, Jet a-1 маркалы авиаотынмен жанармай құю мүмкіндігі есебінен халықаралық әуе компаниялары үшін, оның ішінде еуропалық, Азия-Тынық мұхиты аймақтарының әуе жүк тасымалы үшін Ақтөбе қаласы әуежайының транзиттік әлеуетін арттырады.

Кешен 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button