Жаңалықтар

«ADAL URPAQ» — ұлт болашағының кепілі

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай қалалық жастар ресурстық орталығы «ADAL URPAQ» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кездесудің ерекшелігі — іс-шараға қаладағы колледж бен университеттерде білім алып жүрген жігіттер қауымы ғана шақырылды.

Мақсат — жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастырып, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Жиында алдымен«Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы, Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев сөз алып, Әділетті Қазақстанды құратын адал азаматтың бойында қандай қасиеттер болуға тиіс екенін атады. Сондай-ақ ол Отан қорғаушыларды берген сертіне адал, әлсізге қиянат жасамайтын азамат болып өсуге шақырды.

Кездесуге қатысқан қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әсет Қалиев жастардың қауіпсіздігі мен олардың арасында құқықбұзушылықты болдырмау үшін қандай шаралар атқарылып жатқанына тоқталды.Полиция подполковнигіжыл басталғалы кәмелетке толмаған мыңнан астам жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілгенін айтты. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға заңды өкілісіз жүруіне жол бергені үшін 897 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ол өз баяндамасында кезкелген құқықбұзушылық пен қылмыстың артында үлкен жауапкершілік пен жаза тұрғанын тағы бір мәрте ескертті.

Өз кезегінде сөз алған М-1жеңіл салмақтағы чемпион, ММА жауынгері Сергей Морозов мұндай кездесудің жасөспірімдер үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

Жастармен ашық сөйлесіп, оларды қазіргі таңда қандай мәселелер толғандыратынын білу арқылы біз қоғамдағы өзекті проблемаларды анықтаймыз. Сондықтан мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрған жөн. Өйткені осындай салмағы басым іс-шаралардың арқасында жастар алдына мақсат қойып, соған ұмтылудың жолдарын іздей бастайды. Мен қолдан келгенше оларды қолдауға және әрдайым кеңес беруге дайынмын, — деді Сергей Морозов.

Кездесу барысында кинолог мамандар иісшіл иттердің көмегімен есірткі жасырылған аймақты және оны жасырған адамды қалай анықтайтындарын көрсетті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button