Жаңалықтар

«Қасқыр сарқырамасында» сенбілікке қатысқан кішкентай экобелсенділерге велосипед сыйлады

Қазақстан халқының бірлігі күнінеорай, Қарғалы ауданының аумағындағы«Қасқыр сарқырамасы» туристік орнында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Біз таза Қазақстан үшін!» флешмоб-плоггингі өтті.

Әлеуметтік желілердің бірінде туристік орындағы сенбілік туралы бейнеролик жарияланады. Ондағы кадрлардан екі ер баланың үлкендерге көмектесіп, қағаздарды, қоқыстарды жинағанын көруге болады.

Бұл балалар Ақтөбедегі №39 мектептің даярлық тобының оқушысы Айдияр Данағұл мен №33 қалалық мектептің екінші сынып оқушысы Арман Молдағали еді.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен Visit Aqtobe туристік орталығының мамандары байқап, балаларды марапаттауды ұйғарған.

Экологиялық акцияның ең жас қатысушыларына естелік ретінде велосипедтер сыйға берілді.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button