Мәдениет

Қасым мен Тахауи

Бүгін Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына және Әбілқайыр ханның 325 жылдығына орай «Ән дарыған далада, шыңға айналған Астанам» республикалық ақындар айтысы өтеді. Кілең «сен тұр, мен атайын» айтыскерлер  жиналған доданың  қазылар алқасының құрамында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы да бар.

Ақтөбеге табаны тие салысымен Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткішіне соғып, «сәлем берген» Секеңнің қаламынан туған су жаңа өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз, қадірлі оқырман!

Ертай Ашықбаевқа

Дана Қасымды көрген Тахауи Ахтанов шайырдың туған топырағына түскенде Бала Қасымды неге іздеді?

Ол жалбаңдап қарға құсап ұшпаған,
Самғап көкке, көк мұздақты қыстаған.
Біздің жаққа қарай берді жаутаңдап,
Қайран, көкем — Пірдің қолын ұстаған.
.
Қасым оның пірі еді
Қалмап еді қасынан да бір елі.
Ақын туған топыраққа түскенде,
Лүп-лүп етіп кетті-ау оның жүрегі.

Тахаң отыр тамаша бір күйге еніп.
Ел-жұртынан елден ерек сый көріп.
Көкемізге — Пірдің қолын ұстаған,
Біз отырмыз жақындауға именіп.

Артта қалды, ал бірақ,
Асау кездер алай-түлей, бал-құрақ.
Еске түсіп есіл Қасым, Тахаңдар
Ақтөбеде мен де тұрмын абдырап…

Серік АҚСҰҢҚАР.

Ақтөбе,

2018.18.04

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button