Мәдениет

Өнерлі балалардың фестивалі

Фестиваль

Ақтөбеде «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен VІ облыстық «ЕркеТеатрAqtobe» атты балалар театр фестивалі өтті. Екі күнге созылған дәстүрлі іс-шараға Ақтөбе қаласынан және Мұғалжар, Шалқар, Қобда аудандарынан 4-11 жас аралығындағы 300-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.

Фестивальдің мақсаты — жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылық деңгейін көтеру, театр мен білім беру мекемелері арасында шығармашылық байланыс орнату.

Өнерпаздар «Ең үздік актер», «Ең үздік актриса», «Ең үздік сценография», «Ең үздік көркемдік жетекші» сынды 10 номинация бойынша сынға түсті.

Іс-шарада осы саланы жетік білетін мамандар — Дәметкен Құсайынова, Елтай Кемал, Жеңісбек Қалқабеков, Нұрат Мұратов, Гүлнар Баймағанбетовалар қазылық етті.

Нәтижесінде №41 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бас жүлде иегері атанды. «Балаларға арналған қойылым» номинациясы бойынша 1-орынды— №11 мектеп-гимназиясы, 2-орынды — №69 жалпы білім беретін орта мектеп, 3-орынды Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы иеленді. «Жасөспірімдерге арналған қойылым» номинациясы бойынша 1-орынды —Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі, 2-орынды — №45 жалпы білім беретін орта мектебі, 3-орынды Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі иеленді. Сондай-ақ «Үздік актерлік ансамбль», «Табиғи талант», «Үздік ер адам», «Үздік әйел рөлі», «Көрермен көзайымы» сынды номинация иегерлері анықталып, үздіктер марапатталды. Театр фестивалінің соңында барлық қатысушыға диплом мен естелік сыйлық табысталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button