Жаңалықтар

Құмырсқаға қызығып, табыс тапқан…

Мектеп

Ақтөбе қаласындағы №56 мектептің  8 «е» сынып оқушысы Айсұлтан Жұмабаев бірнеше жылдан бері құмырсқа өсіреді. Жақында ол мектеп кітапханасында өткен оқушылармен кездесуде өз хоббиімен бөлісті.

Айсұлтан бұл жәндікке қатысты көптеген мәліметті кітаптардан, интернеттен оқып жүр. Қазір ол құмырсқаның бірнеше түрін өсіреді. Кітапханамызда өткен кездесуде Айсұлтан оқушыларға құмырсқаға қатысты қызықты деректерді айтып берді.

Бүгінде ол құмырсқаның әр түрін бірнеше елден сатып алған. «Құмырсқа өсіру  оңай шаруа емес. Оларға қолайлы жағдай жасау керек. Бүгінде «VK» әлеуметтік желісінде «Ant Mirmikiper» чаты бар. Осы чат арқылы құмырысқа өсірушілер бір-бірімен пікір алысып отырады», — деді кездесуде Айсұлтан.

«Қалауын тапса, қар жанар». Айсұлтанның жай ғана қызығушылықтан басталған хоббиіне қатысты бүгінде оның әлеуметтік парақшасы арқылы ақыл-кеңес сұрайтындар көбейген. Олардың арасында оқушылардан бөлек, тіпті мирмекологияға қызығатын ересектер де бар.

Айсұлтан бұл істе көп ізденістің арқасында тәжірибе жинақтап үлгеріпті. Бүгінде осы хоббиі арқылы табысқа шыққан оның бұл қадамы көпке үлгі.

Қанымгүл БАЛТАСОВА, 

№56 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button