Жаңалықтар

Адамдардың салғырттығы — өртке себеп

Өрт қауіпсіздігі

Жыл басталғалы облыста 126 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 адам қаза тапқан. Сондай-ақ бір рет орман отқа оранған. Өрт сөндірушілердің есебінше, тілсіз жаудың кесірінен материалдық шығын 47 миллион теңгеден асады.

—Табиғи өрттерді жою үшін өңірде 697 техника бар. Ерікті өрт сөндірушілер 500-ден астам бейімделген техникамен, 200-ден астам өрт мотопомпаларымен және 1500рюкзактық өрт сөндіргіштермен жабдықталған.

Биыл 159 өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты, 271 арнайы және қорғаныш киім жиынтығын сатып алу жоспарланып отыр, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбат Жаңабергенов.

Оның айтуынша, өрттің алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметімен бірлесе 20 рейд ұйымдастырылып, сол бойынша тәртіп бұзған 3 адамәкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Тұрғын үй аумағында қоқысты жағу сияқты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 73 мың теңге, кәсіпкерлерге 738 мыңнан 1 миллион 800 мың теңгеге дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн», — деді А.Жаңабергенов.

Өткен жылдардағы өрттерді талдаған мамандар бұл мәселеде адами фактордың әлі күнге негізгі себеп екенін анықтаған. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері құрғақ шөпке лақтырылған сіріңке немесе темекі тұқылының өзі бірнеше секунд ішінде үлкен өртке айналатынын айтады…

Азаматтар бірнеше қарапайым ережелерді сақтаса, тілсіз жауды алдын алуға болады. Мәселен, қоқысты кез келген жерде жағуға, темекі тұқылын бейберекет лақтыруға болмайды. Өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтар — шелек, күрек, бөшкеге толтырылған су, құм салынған қораптың болғаны дұрыс.

Құтқару қызметінің телефон нөмірлері: 101,  112, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button