Мәдениет

«Оқитын өлке»: Өтежан Нұрғалиевтың шығармалары таңдап алынды

Акция

«Оқитын өлке» акциясы аясында биыл ақын Өтежан Нұрғалиевтың шығармалары таңдап алынды.

Өткен бейсенбі күні облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі болып өтті. Оған ардагер журналист, қаламгер  Идош Асқар, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Нұрлыбек Қалауов, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Сұлушаш Хакимова, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Гүлстан Хамзина, т.б. қатысты.

Алқа мәжілісінің шешімімен облыстық акцияға «Құрмет» орденінің иегері, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Өтежан Нұрғалиевтың шығармалары таңдап алынды. «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жыл бойы оқырмандар арасында Өтежан Нұрғалиевтың шығармаларын насихаттау мақсатында облыс кітапханалары қорында оның кітаптарының қолжетімділігі сарапталмақ. Сондай-ақ, оның шығармалары цифрлық жүйеге көшіріліп, облыстық, аудандық және қалалық кітапханаларға таратылатын болады.

Талғат  ТІЛЕУЛЕСОВ, 

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми 

кітапханасының сектор меңгерушісі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button