Жастар

Жастар қаланы жинады

Таза қала

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында  қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жансен Кереев атындағы аллеяда «Таза қала» және «Таза бейсенбі» экологиялық акциялары өтті. Оған қала жастары мен еріктілер қатысты.

Қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ержан Қанатұлының айтуынша, «Таза бейсенбі» іс-шарасына 70-ке жуық жас қатысып, 150 қап қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің және Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері де атсалысты.

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Ақтөбе жастары да бұл акцияны қолдап, 20 сәуірден бастап «Таза қала» акциясын ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмыстарға қала жастары мен еріктілерді тұрақты түрде тартуды жоспарлап отырмыз. Қоршаған ортаны таза ұстау—  біздің басты міндетіміз, — деді ол.

Акцияға қатысқан оқытушыларды да сөзге тартып көрдік:

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжіненабаттандыру іс-шараларына 30-дан астам жас қатысты. Біз әрқашан арнайы бекітілген кестеге сәйкес тазалық жұмыстарын жүргіземіз. «Таза қала» акциясына студенттермен бірге, колледж мамандары да атсалысты,  — деді педагог, ұйымдастырушы Бекзат Каумешов.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысқандар арасында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенті Дамир Жоламан да бар.

— Сенбілікке жиі қатысамын. Осы шаһардың тұрғыны ретінде қала тазалығына немқұрайды қарай алмаймын. Тазалық бәрімізге керек. Жастар жинаған аллея тым жақсы болып тазарып қалды.Қаламызды абаттандыру жұмыстарына тек жастар ғана емес, барша қала тұрғындарын шақырамын, — деді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button