Жаңалықтар

Еңбек қорғау: жоғары инновациялар негізінде

28 сәуірде,жексенбі күні— мейлінше танымал кәсіби мереке — Бүкіл дүниежүзілік еңбек қорғау күні атап өтіледі. Бұл мереке 2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымы тарапынан белгіленді, бүгінде Қазақстанды қосқанда оны әлемнің 175 елі атайды.

Біз әдетте өз өміріміздің жартысындай уақытын жұмыс орнымызда өткіземіз, өркениетті генезистің мәні осылай қалыптасқан. Біз қай жерде және кім болып еңбек етпейік, жұмыс орнындағы біздің қауіпсіздігіміз —бұл,әрине, өте маңызды мәселе.

Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының бірі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы өзінің табысты қызметінің басымдықтағы ұстанымы ретінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды үнемі алғы орынға қояды.

Мұнай-газ саласы технологиялық тәуекелдердің жоғары дәркежесіндегі өндіріске жатады.

Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы ірі халықаралық инвестор ретінде басқаратын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өз қызметкерлері үшін еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге айрықша назар аударып келеді.

Ұжым өзінің жұмысында Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік құжаттарын, сондай-ақ CNPC бас офисі корпорацияның барлық шетелдік жобаларына енгізетін еңбек қорғау бойынша халықаралық ережелерді берік ұстанатынын атап өту маңызды. 

Бағыт—заңдылықтар мен ережелерді қатаң сақтау

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек қорғау, қоршаған орта, төтенше жағдай және бақылау департаментінің директоры Данияр Ғұмаров өз бағытындағы көпжылдық жұмысының ерекшелігін былайша түсіндіреді: «Еңбек қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруда бұл салада шұғылданатын менің әріптестерімнің кәсібилігі мен сауаттылығы ерекше мәнге ие. Бұл арада мен қазақстандық техникалық регламенттер, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері, мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалары, әртүрлі жабдықтарды пайдалану ережелері, техникалық зерттеулерді жүргізу әдістемелері, т.б. саласындағы білімді тұрақты жетілдіру қажеттігі туралы айтып отырмын. Біз Кедендік одақтың белгіленген техникалық регламенттерін білуге тиіспіз. Сонымен бірге біз CNPC бас офисінен келетін еңбек қорғау жөніндегі нормативті талаптарды да өзіміздің тәжірибемізге бейімдеуге қызығушылықпен қараудамыз. Бұл талаптар кен орындарының жұмысын бақылау процедуралары бойынша халықаралық стандарттар, қандай да өнеркәсіптік нысандарда кешендік қауіпсіздік бойынша басшылық болып табылады. Құнды тәжірибелермен алмасу Қытайдан аудитор-мамандардың ақтөбелік кен орындарына келуі уақытында жүзеге асырылады».

Акционерлік қоғамда еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңес жұмыс істейді, оның құрамында кәсіподақ ұйымдары жетекшілері теңдік өкілдікке ие. Өндірістік кеңес мүшелері еңбек қорғау бойынша кешенді тексерулер жүргізуде мақсатты комиссиялар құрамына тұрақты енгізіледі.

Өтпелі мониторинг әдісі бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның көптеген нысандарында да, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарда да жұмыс орындары ұдайы тексеріледі.

Бұл бағыттың жүйелілігін мынадай деректермен келтіруге болады: компанияда еңбек қорғау мен қауіпсіздігі бойынша 40 штаттық техникалық инспектор өз қызметін жүзеге асырады, олар электр берілістері желісі мен қолданыстағы құбыр желілері қорғау аймағында отпен, газ қауіптілігі бар, жер қазу, биіктегі жұмыстарды, операцияларды жүргізуде, жоғары қысыммен жүк көтеретін механизмдер мен түтіктерді қолданумен жұмыстарды атқаруда тосын оқиғаларға жол бермеу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.

«Өндірістік тәуекелдерді төмендетудің тағы бір құралы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да енгізілген «Өрлеу» жобасын айтуға болады, оның мақсаты — жұмысшылардың денсаулығы туралы қамқорлық, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті сақтау, өндірісте жарақат алушылықтың нөлдік деңгейіне жету.

«Өрлеу» жобалық тобы жоғары техногендік тәуекелдермен жұмыс орындары үшін қадамдық нұсқауларды жасады. Біздің мамандарымыздың тұрақты іс-қимылдарының бірі келешекте төтенше жағдайларға ерекше әкеліп соғу қаупі бар мұнай-газ нысандарындағы жабық қатерлерді анықтау және жою болып табылады. Мәселен, 2023 жылы бірнеше жабық қатерлердің беті қайтарылды. Мысалы, «Жаңажол электр станциясында газ турбина қондырғыларында өрт сөндірудің автоматты жүйесіндегі ақаулықтар» жұмыс атауымен қауіп жойылды.

Компания мүмкін болатын қауіптерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында өндірістік процестер мен жабдықтардың жаппай мониторингін жүргізеді», — дейді жүзеге асып жатқан ұстанымдар туралы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас инженері Ван Яньфэн.

Тренингтер, оқу және нұсқаулықтар: білім мен оның күші

Еңбек қорғау жүйесінің маңызды элементі —қызметкерлерді оқыту және нұсқаудан өткізу. Мұнайшылар еңбек қорғаудың әртүрлі аспектілері бойынша тұрақты өткізіліп тұратын тренингтер мен семинарларға қатысады. Оларды оқыту акционерлік қоғамның кен орындарында, сондай-ақ маманданлырылған оқу орталықтары қабырғаларында да өткізіледі.

— Біздің алты мың адамдық ұжымымызда жүздеген мейлінше әртүрлі мамандықтар мен лауазымдардың адамдары жұмыс істейтіндіктен еңбек қорғау жөніндегі игерілетін бағдарламалардың тақырыптары да өте кең ауқымда болып келеді, —дейді еңбек ресурстары департаментінің директоры Чжао Эньцзе.Мысалы, таяуда ғана вахтымен еңбек ететін жұмысшыларды тамақтандыруды ұйымдастырумен шұғылданатын біздің профильдік мамандарды «Азық-түлік өнімдерін өндіру, сақтау, пайдалану және жою процесінде олармен байланыста процестер мен еңбек қауіпсіздігі» сияқты мұнайшылар үшін экзотикалық тақырыпта оқыттық.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша кешенді жұмыстардың тағы бір өте көңіл аударарлық элементі — компанияның өндірістік бөлімшелерінде үлгілі бригадалар деп аталатын ортаның бәсекелестік саясаты. Қозғалыстың мәні өндірістік бригадалардың еңбек ынтасының еңбек жағдайларын жақсарту, өндіріс мәдениетін көтеру, өз жұмыс орындарында әрбір жұмысшының жеке жауапкершілігін арттыруға негізделетіндігімен тұжырымдалады.

Өндірісте кәсіби тәуекелдерді бақылаудың мейлінше тиімді құралы болып қызметкерлермен әртүрлі оқулар мен жаттығулар өткізу табылады. Өндірістік нысандарда апатты жағдайлардың туындауында дұрыс әрекеттер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында 2023 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамында азаматтық қорғаныс және апаттық-құтқару қызметтері құрылымдары қатысуымен 10 тактикалық-арнаулы оқулар мен 14 оқу дабылдары ұйымдастырылды. Бұл шараларға 350-ден астам қызметкер қатысты.

Жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлері мен басшылығы өздерінің алты мың адамдық ұжымына кен орындары еңбеккерлерінің денсаулығы мен игілігі туралы белсенді түрде қамқорлық жасай отырып, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге ұмтылады. Осылайша Қоғамның күллі қызметкерлері арнаулы киімдермен, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен жеке қорғау құралдарымен және аяқкиімдермен қамтамасыз етіледі. Киімдер мен аяқкиімдер қысқы және жазғы түрінде беріледі. Жаңажол кен орнында жұмыс киімдерін химиялық тазалау шарасы ұйымдастырылды. Санитарлық нормаларға сәйкес қызметкерлер жуатын және дезинфекциялайтын құралдармен дер кезінде қамтамасыз етіледі. Жеке қорғаныс құралдары (газ қағар, тыныс алу аппараттары, сақтандыру белдіктері, дулыға және басқа құралдар) тұрақты жарақтылық тексеруінен және сынақтарынан өткізіліп тұрады.

Мұнайшыларға медициналық қызмет көрсету туралы мәселеге түсінік бере отырып, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасарыТақталифум Есенғұлов мыналарды атап көрсетті: «Әрине, біздің мұнай-газ кәсіпорнымыз ондаған жылдар бойы медициналық және сақтандыру құрылымдарымен тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Сауықтыру, профилактикалық шараларын жүргізу мен медициналық қызметтің білікті амбулаториялық түрлерін көрсетуді ұйымдастыру мақсатында біз жыл сайын медициналық көмек алу үшін келісімшартқа отырамыз. Қазіргі кезеңде акционерлік қоғам қызметкерлері үшін медициналық қызметтерді «Медикер Илек» ЖШС жүзеге асырады.

Бұл мамандандырылған компания аумақтық жағынан Темір және Мұғалжар аудандарында орналасқан Жаңажол, Солтүстік Трува, Кеңқияқ кен орындарында мұнайшыларға жедел және жоспарлы диагностикалық медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Қызметкер-жұмысшылардың ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуі ұдайы кеңінен қамтылады.

Мыңдаған өз әріптестерімнің денсаулығы туралы айтқанда, акционерлік қоғамның ұжымның әрбір мүшесінің салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған корпоративті шараларға қатысуға және спортпен шұғылдану мүмкіндігін жасап отыратындығын еске ала кеткім келеді.

Мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының кезкелген қызметкері өздерінің құқықтық сауаттылығын көтеру, әрқайсысының өздерінің қауіпсіздігіне саналы көзқарас тұрғысынан қарауы нәтижесінде өндірістік жарақат алушылық пен сырқаттанушылыққа тәуекелдерді азайтуға тұрақты ағымды сақтауға болатынын растайтынына сенімдімін».

Бүкілдүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ топтасқан қазақстандық-қытай командасының барлық мүшесіне бейбітшілік, игіліктер, апатсыз жұмыс және үдемелі инвестициялық дамудың жаңа лайықты шептерін игеруді тілегіміз келеді.

Еңбек қорғау компания менеджментінің басымдықтарының бірі болып табылатындықтан, кен орындарында дабылқағарлық жағдайлар ешқашанда орын алмасын дейміз.

Ақтөбелік экономиканың жетекші кәсіпорындары сапындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өз қызметінің негізін қалаушы принцип ретінде қауіпсіз және сындарлы жұмыс ортасын қалыпты ұстай беретін болады.

Юрий ШИКАРЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button