Білім

Жас маманға тәлімгер қажет

Мектеп

Білім — әлеуметтік ортаның ғана емес,адамзаттың құндылығы. Бұл жағдайда білім беру мекемелері жеке тұлғаны қоғамда, қоғам әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындайды. Білім базалық негізге сүйенеді, бірақ білім берудің басты мақсаты — сол базалық білімді меңгерту емес,тұлғаға жаңалық ашу мүмкіндігін беру.Осыған сәйкес білім берудің негізгі міндеттерінің бірі — жеке тұлғаны бүгінгі таңда өмір сүруге бейімдеу ғана емес,болашақ қоғамды жасауға және сол қоғамда өмір сүруге дайындау.

Білімжеке тұлғаның қоршаған ортамен бірлескен әрекетін үйлесімді ұйымдастыруға қызмет етеді. Елінің ұлы, ұлтының азаматы,қоғамның белсенді мүшесі бола отырып,адамзат өкілі екенін естен шығармауға,әрбір мәселеде бірлескен ортақ шешім табуға, толеранттық қасиеттерге тәрбиелеу — білім берудің негізгі қызметтерінің бірі. Білім берудің заман талабына жауап беретін инновациялық моделін құру —  бүгінгі күннің ең өзекті проблемаларының бірі.Білім беру парадигмасының,білім мазмұнының жаңартылуы,білімнің ізгіліктік сипатқа ие болуы, жеке тұлғаны феномендік биікке көтеру,танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға жаңа көзқарас, міне, осы аталғандардың барлығы теориялық негіздеуді, практикалық дәлелдеуді ғана емес,білім беру қызметкерлерінің осы салада қол жеткен деңгейлерін анықтауды, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді үйреніп,оны көпшілікке таратуды да қажет етеді.

Осы орайда мектеп-гимназияда оңды шешімін тапқан тәлімгерлік жұмыс жас мамандарымыздың теориялық білімдерін практикамен ұтымды ұштастырып, кәсіби өсуіне және  ғасыр талабына сай білімді де білікті, тәжірибелі, шығармашыл және жаңашыл, педагог-зерттеушілердің педагогикалық озық іс-тәжірибелерінің жинақталып, деңгейлік таратылуларына жол ашты. Биылғы 2023-2024 оқу жылдарында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Айсана Сәдуге — педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы Шолпан Боханова,көркем еңбек пәнінің жас маманыГүлнар Алтаеваға — педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы Задагүл Сатыбалдина, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Индира Ақатаеваға —педагог-зерттеуші,тәлімгер- ұстазы Клара Еркібаева, ағылшын тілі пәнінің жас маманы Айсана Мухамбедиге — педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы  Жанар Түсібекова, ағылшын тілі пәнінің жас маманы Лана Хамитоваға — педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы Светлана Мұқашева, бастауыш сыныптың жас маманы Мейірім Базарбаеваға педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы Гүлжамиля Турина, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Болғанай Құрманалинаға педагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы  Шынар Байғараева, бастауыш сынып пәнінің жас маманы Айда Араловағапедагог-зерттеуші,тәлімгер-ұстазы Ағима Жұмасейтова бекітілді.Екі жақты кәсіби  ынтымақтастықпен жүйелі жүргізілген жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Ұстаздық жолға енді қадам басқан жас ұстаздарға педагогикалық еңбек өтілі 30 жылдан асқан тәжірибелі  ұстаздардың тәлімгерлік қамқорлығы мен қолдауы қажет екендігі айқын.

Дина МҰХАНБЕДИЯРОВА,

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button