Жастар

Ұлттық ойындар ұмытылмайды

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы Қазақ-орыс халықаралық университеті және Ақтөбе политехникалық колледжімен бірлесіп ұлттық ойындар байқауын ұйымдастырды.

Байқауға аталмыш оқу орнының студенттері мен жасотандықтар қатысты. Әсіресе қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс секілді спорт түрлеріне жастардың қызығушылығы көп болды. Шара барысында ұлттық ойындармен қатар, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы да сахналық қойылымдар көрсетілді.

«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталиннің айтуынша, мұндай шаралар жастардың тұлғалық қалыптасуына әсері мол.

— Салтдәстүр мен ұлттық ойындарымызды ұмытпай, ұлықтауымыз қажет. Өйткені бұл біздің мақтануға тұрарлық  өткеніміз. Өткенін қастерлеген елдің, болашағы да жарқын болады, — деді ол.

Сонымен қатар, бұл шараға өзге ұлт өкілдері де белсене атсалысты. Ұлттық спортты насихаттауға бағытталған мұндай байқаулар өңірдің әр аудандарында да жалғасын табатын болады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button