Жастар

Жастар және ғылым

Олимпиада

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде Ғылым апталығы аясында Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған республикалық олимпиада өтті.

Зияткерлік сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңдестуденттермен оқушылар Ақтөбе қаласы мен облысының тарихы, сондай-ақ Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны, еңбектері бойынша тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану пәндері  бойынша тапсырмалар беріліп, екі кезеңнен жоғары ұпай жинаған топтар ақтық сайысқа жолдама алды.

Олимпиадаға қатысушыларға финалда Медеу Сәрсекеевтің«Сатбаев» еңбегі мен Ақтөбе қаласы және облыстың тарихи-мәдени ескерткіштері менкиелі жерлерінің тарихы бойынша тапсырмалар берілді. Зияткерлік олимпиадаға«QAZGUU School.Aqt» мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Б.Шәмші, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының қызметкеріБ.Бұхарбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі М.Мұзбаеваларқазылық етті.

Қорытындысында І орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіпедиатрия факультетінің 1-курс студенттері О.Пернепесова пенА.Әділ иеленсе, ІІ орынды — стоматология факультетінің 1-курс студенттері А.Бөрібай, Н.Садыев, ІІІ орынды медицина мамандығының студенттері Ә.Реджеп, А.Байділла, стоматология факультетінің студенттері А.Мұса,М.Закаряев және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері  Ж.Базарбаев, Т.Қарағұл өзара бөлісті. Сондай-ақС.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Алаш» тобы үздіктер қатарынан көрінді. Олимпиадаға қатысқан колледж және мектеп командаларының арасынан Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары А.Бекбосынова, А.Байғара үздік деп танылды.

Жеңімпаздарға университет ректоры атынанАлғыс хат және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бекзат МОЛДИН,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button