Тағзым

Біз сізге қарыздармыз…

Қайран апам! Сүйікті де ұмытылмас,ардақты анашым!

Қанша жыл өтіп, өзіміз де біраз жасқа келсек те жарқын бейнең көз алдымда!Міне, бүгін аяулы әкем екеуіңнің мені жарық дүниеге әкелгендеріңе тура 75 жыл толуы қарсаңында осы естелікті жазып отырмын. Еске алғансайынөзіңмен бірге өткізген балалық шағымыз, кейінгі кезеңдер мен өмір жолдары көз алдыма келгенде сағынышты сезім маздай түсіп, кей кезде білдіртпей көз жасын сығып алатынымыз да бар…

Әрине,анамыз бен әкемізді бөліп айтуға болмайтын сияқты,өйткені біз үшін бұл екі тұлға— біртұтас жандар.Сол кездегі,яғни Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардаелдегі ауыр жағдайларға қарамай, бізді,тоғызымызды, жарық дүниеге әкеліп, тиесілі тәлім-тәрбие беріп аяқтандыру,үлкен өмір жолына аттандыру— қазір ойласаң, батырлықпен бірдей. Өйткені әкемізата-ана рахатын көре алмаған, олардан ерте айырылған.Екеуара тек анамыздың анасы Айсұлу атты,қай жағынан алсақ та,өте көркем және көрнекті нағашы әжеміз болды. Жалғыз ұлы Якия нағашымыздың балаларымен бірге әжеміздің тәрбиесін көріп өстік.Сол әжемізге дегенбойымда қалған ыстық сезімге дес беріп,кезінде өзімнің сүйікті немеремді Айсұлу деген тамаша есіммен атағаным тегіннен-тегін емес шығар!..

Қиыншылыққа, жоқшылыққа қарамай, «біздің байлығымыз—балаларымыз» дейтін екеуі де. Әкеміз Бимали милиция органында, қоғамдық тәртіп сақтау қызметінде болғасын көбінеүйде бола бермейтін. Ол орыс-фин соғысына қатысқан, одан кейін неміс фашистерінен елді қорғаған. Артиллерист бола жүріп 1943 жылы ауыр жараланып, содан кейін елге оралады. Содан кейін халық тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек етті. Күн-түн демей, уақытпен санаспай, жұмысында жүре беретін.

Сондықтан анамызға ауыртпашылық түспесін деп,біз айтқызбай, бір-бірімізге қарасып өстік. Үй шаруасының көпшілігін өзіміз атқаруды үйрендік: шөп шабу, малға қарау, от жағу, тіпті мал саууды да меңгердік — бұл тәлімді тәрбиенің, ата-ананың арасындағы өзара қалыптасқан сыйластық пен сүйіспеншіліктің және олардан бізге дарыған ізгілікті қасиеттерінің нәтижесі деп білемін.

АнамызБибатпа Ағұлымқызы Құттығұлова1924 жылы Шалқар ауданының Шахты мекеніндегі №6 ауылдадүниеге келген. Өте сауатты,жан-жақты кісі еді,ауылда абыройлы және сыйлы болды. Тіпті үлкендер де онымен санасатын,қайбірі кеңес сұрауға үйге де келетін…

Бірде, бала болғасын жанжал болмай тұрмайды ғой,Балапан ағам екеумізге апам жағынан нағашыларымжабылып күш көрсетті. Содан күйініп,мені ертіп алып, әлгі ауылдың кемпірлерін — өзінің апалары мен жеңгелерін— жинап алып айтқаны әлі есімде—«Бұлар әлі кішкентай, бірақ көп және ертең-ақ өседі,сонда көресіні көресіңдер» дегені.

Қазір ойлайтыным, сол кісінің рухы бәрімізге дем бергендей,тіпті қыздарға дейін жақынына ешкімнен тіл тигізбей тойтарыс беруге дайын: үлкені Әсеммен Күнімайды айтпағанда, алыста жүрген кішкентай Назгүлге дейін сондай, олардыңқай-қайсысында да жігер бар! Сонымен қатар байқағаным, өзіміздің әулетте соншама келіндер арасында бірін-бірі түсініспеушілік болмайтын, бәрі — үлкені-кішісі бар, апамның алдында ығып жүре беретін, өзара тату болатын.Неге, қалай екенін білмеймін, өздері айтатын шығар…

Елде ағайынның үлкені, мал-жаны, шаруашылығы мықты, сонымен қатар мінезі қаталдау Шоқат Ержанов деген атамыз болды, қазір өсіп-өнген ұрпақтары Алматыда тұрып жатыр. Сол кісінің өзі қайсыбір шаруаларды апаммен кеңесіп шешетін.

«Ау, Батан-ау, мынаны былай етсек дұрыс болмай ма?» деп жатқанын талай естігенмін. Сонда айтатын— «Сенің апаң оқыған,көзі ашық, көпті біледі, сосын болыстың қызы ғой» деп миығынан күлетін. Сол кісінің келіні,біз үшін өте сыйлы жан Райса атты жеңгеміз қазір Алматы қаласында балаларының қолында тұрады, анамызды ерекше қадір тұтып: «Менің қайынапам және өз апам» деп, үлкен дәреже санап«біздің генерал апамыз» дейтін!

Сонда әдейі айтама,әлде бұл сөздің өзіндік астары бар ба білмеймін,өйткені әкем де, Сәнтай ағам да милицияда қызметте, бірі — капитан, екіншісі — лейтенант шенінде.Соған қарамай, өз апасын генералға теңеп тұрғанында бір гәп бар шығар деп ойлаймын…

Осыған орай бір жайт,өткен жылы Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары ардагерлерінің жиналысын өткізгенбіз. Негізгі іс-шаралардың бірі елімізде белгілі ағартушы, Алаш қозғалысы жетекшілерінің және Алаш үкіметінің негізін қалаушылардың бірі, сол үшін өзінің өмірін пида еткен Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдығына арналған салтанатты шаралар өткізіліп жатқанына байланысты ұйымдастыру комитетінің шешімі бойыншарухани көсеміміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға шешім қабылданды.Маған және бір ардагерге сол жерге арнайы шақырылған «Хабар» және «Ел-арна» телекомпанияларының түсіру тобына сұхбат беру тапсырылған еді. Сұхбатқа дайындық кезінде көптеген материалдар арасынан көзім шалған бір дерек — Ахмет Байтұрсынұлы1930жылдың аяғында Ақтөбе мұғалімдер институтында сабақ берген екен.

Дәл сол кезде біздің анамыз осы оқу орнында дәріс алған,дәлірек айтсақ, он төрт-он алты жастағы қыз. Сұхбат кезінде осы деректерді, яғни біздің анамыз Байтұрсынұлының оқушысы болғаны турасында айтқанымда журналистер маған жапа-тармағай бас салып, небір сұрақтарды жаудырды. Соның ішінде есімде қалғаны—анаңыз кейін қандай қызметтер атқарды, Алаш партиясына қатысы болды ма, не болмаса сондай бір ұйымдарға қатысты ма екен дегендей мағынада. Ахаң атамыз сияқты мұғалім болғанын,бірақ басқамәлімет жоқ екендігін айтып,ал өзгесін енді архивтерден қарау керек шығар деп ойымды тұжырымдадым.

Бірақ сол тұста жұрт алдында мәртебем айтарлықтай көтеріліп қалғаны анық! Жеті тілді еркін меңгерген, Қазақ мемлекеті делегациясының мүшесі ретінде Ленинмен тікелейсұхбаттасқан, майталман қайраткер, әйгілі лингвист Байтұрсыновтан білім алған анадан өрбу әрқайсысымызға үлкен дәреже, айрықша мақтаныш екені рас.

Қазір ойласам, анамыздың бойынан бір ерекше мейірбандық,сезімталдық, жан-жақтылық сияқты биік қасиеттер байқалып тұратын, соның арқасында болар, айналасындағы көпшілікке қарағанда көршілес елдің тілін жетік меңгеріп алған жан еді.

Осыған орай есте қалған бір эпизодты әңгіме етсек.Бірде іссапармен Ақтөбеге ұшып келдім.  Алдымен анама соғып сәлемдескеннен кейін, уәде бойынша сол кездегі облыстық «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы, біздің бұрынғы басшымыз, отставкадағы генерал-майор Юрий Андреевич Брязгаловқақоңырау шалдым. Ол кезде мен Алматыдағы «Групп 4» бірлестігінде жетекші қызметтемін, ал Юрий Андреевичті осы Ақтөбедегі филиалдың басшысы ретінде отставкадан кейін тұрмысына көмек болсын деп қосымша қызметке тағайындап қойғанбыз.Генерал жиналысқа бара жатқанын айтып, бірақ кеңес залынан қалай оңай шақыртып алатын тәсілдермен бөлісіп, маған кабинетіне келе беруімді өтінді. Барсам, көмекшісі шәй дайындап жатыр, қазір бастығын «Алматыдан адам келіп, күтіп отыр» деп оңай шақыртып алатындығын айтты.Біраздан кейін Юрий Андреевич те келді,екі алақанын бір-біріне ысқылай қарқ-қарқ күлді— риза болғанда сөйтетін. Мен бос келмегенмін, өйткені генералдың 60 жасқа толуы таяуда аталып өтілген. Соған үлкен басшымызбен бірге бірнеше адам болып келеміз деп жоспарлап, онымыз бір күрделі себеппен жүзеге аспай қалған. Енді құттықтау мен сәлем-сауқаттарды тапсыру рәсімдерін орындау маған жүктелген. Екеуміз жайбарақат шай ішіп, әңгіме құрып отырып, түстің қалай болғанын байқамай қалыппыз. Мен дереу үйге қоңырау шалсам, анам:«Ау,қарағым-ау, сен қайда жүрсің? Менің тамағым дайын, тезірек жет!», — деді. Анамнан кешірім өтініп, енді кідірмейтінімді айттым. Сөз арасында «бір жақсы адамды ерте келсем болама?» деп өтініп, рұқсат алған соң Юра екеуміз әкеміздің шаңырағына тартып кеттік.

Генерал екеуміз анамыздың(қолындағы бала-келін Айбек пен Зинегүл жұмыста) күйбеңдеп жүріп дайындаған қазы-қарта,жал-жая демекші,небір дәмді тағамдарын алып отырып әңгіме-дүкенді жалғастырдық. Бір мезетте бірдеңе сықыр етті, екеуміз де жалт қарасақ, есіктің жақтауына сүйенген бойы бізге қарап, жымия күліп апам тұр. Екеуміз де орнымыздан атып тұрып:«Бізге келіңіз, бірге отырыңыз», — деп жатырмыз. Сондағы анамның таза орысша айтқаны: «Мен бірінші рет тірі генералды,оның бер жағында облыстық газеттің тірі бас редакторын көріп, жүздесіп отырмын. Ал ұлымның өзіңіздей танымал, жақсы адамдармен жақындығы, достығы мені марқайтып,ерекше жағдайға бөледі», —деді.

Сонда Юрий Андреевич жүгіріп барып,өзі қимылы өте сергек, тез болатын, басын иіп тұрып: «Я тоже Ваш сын», —деп, анамның алақанын сүйгені әлі есімде. Өзі сондай ашық, жарқылдап, ұнаған ортаға тез кіріп кететін жан еді, қай кезде де қонақта отырғанда, әзілдеп, үй иесінің туысымын депшыға келетін…

Бүгінанамыздыескеалыпжатырмыз. Айта кету керек, солкісініңкөптегенасылқасиеттері, бізді,өзбалаларынайтпағанда, жанындаболғаннемерелеріне дедарығанынбайқаймыз. Атапайтсам, алғашқынемересіГүлжандыбауырынабасып, бізпәтералыпаяғымызғатұрыпкеткеншеөзітәрбиеледі.Ғазизанамызбаулығаныныңәсеріболар,басқабалалардайемес, Гүлжаноқуға,білімгеқұштарболды, бес жасқатолмайжатыпсөздіктімеңгеріп, апамныңқасындапештіңжанындаМәскеуден шығатын «Правда»газетіноқыпотыратын. Кейінбайқасам, өзінебұрыпкеттідемеңдер,соланамыздыңсабырлылығы, жан-жақтылығы, ағайынға, жақынғадегенқамқоршылығы мен жоғарыдеңгейдегісыйластығыГүлжанғаәжептәуірдарығансияқты. Соныменқатаранамыз бен әкемізмаңдайынаниіскеп, басынансипағанбалаларкөптіңарасындаерекшеліктеріменкөзгетүсетіні дебелгілі…

Балапан ағамның баласы Нұрбек өзінің асыл әжесі туралы жазбасында «Бибатпа әжемнің менің өмірімдегі алатын орны ерекше. Әжем өте мейірімді, көрікті,  тамаша жан еді. Маңдайымнан иіскеген әр сәтіңіз, жарқын бейнеңіз, өнегелі ісіңіз жүректе мәңгілікке сақталады.

Бибатпа әжем отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туманың абысындардың бірлігін, татулығын сақтаған жан еді. Мен әжемнің немерелерінің ең үлкені екенмін. Әкем (атамды осылай атауды үйреткен де әжеміз) екеуі өнегелі ғұмырында талай қиын жолдардан өтіп, соның бәрінде де сыр бермеген.

Оларға деген сағынышым кеудемді кернейді. Әжеміз балаларының, немерелерінің жақсылығы мен қызығын көріп кеткен бақытты адам деп ойлаймын» деп толғаныпты. Осындай сағынышты сезім менің аяулы анамның қай немересінің де жүрегінде жалындап тұрғанын анық білемін…

Анамыз дүние есігін ашқалы бір ғасыр болыпты. «Өлі риза болмай, тірі байымайды». Анамыздың жүз жылдығына орай Құран бағыштап, садақа бергелі ата-анамыз кейінгі жылдарын ел арасында бірге өткізген Бершүгір ауылына келіп жатырмыз.

Біз алыста болсақ та, елмен, ағайындармен біргеміз! Солармен бас қосып, асыл анамыздың жарқын дидарын санамызда жаңғыртып, айтқан сөздерін еске алу біз үшін өте тебіреністі сәт болмақ.

Бұл еске алу шарасындаел азаматтарымен бірге,Төлеп ағамыз бастаған нағашы жұртымыз, құда-жекжат, туыстар, көзкөргендер болмақшы. Сол жанашыр жандарға анамыздың жасын берсін деп тілейміз.

Асан ЕСМАХАНОВ,

отставкадағы полковник,

ұлттық қауіпсіздік қызметі органдарының құрметті ардагері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button