Жастар

«Туған қалаңа ағаш сыйла»

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қаламыздың гүлденуіне өз үлестерін қосып, Қарттар үйінің ауласында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты экологиялық акциясын өткізді.

Акцияда жастар 30-ға жуық көк терек талын отырғызып, оларды суарып, қариялардың батасын алды.

Студенттер ағаш отырғызу маусымында кем дегенде 2 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік мекемелерде көшеттерге күтім жасалады.

Айта кетейік, ақтөбелік жастар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктерге белсенді қатысуда. Олар саябақтар мен скверлерді, сондай-ақ тарихи және мәдениет ескерткіштерінің жанындағы аумақтарды да ретке келтіруде.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button