Әлеумет

Қоқыс қалдырып кетпеңіз…

Жаз – табиғат аясына демалуға шығатын мезгіл. Ақтөбе қаласы тұрғындарының сүйікті орындары – Елек, Қарғалы өзендерінің, Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының жағалаулары. Өкінішке орай, осы жерлерде шоғырланған қалдықтар көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Өзен жағалаулары қоқыс орындарына айналған: арақ-сусындардан қалған бөтелкелерге, консерві құтыларына толған. Қала сыртында полиэтилен дорбалар қаңбақша домалап, бұталар мен ағаштарды «әшекейлеп» тұр. Бұған кінәлі – өзіміз.

Қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаның басты ластаушы көзі екені мәлім. Кейбір демалушылар таңдаған орындарын алдыңғы демалушылардан қалған қалдықтардан тазартпай-ақ жайғаса береді, қалдықтарды өзенге лақтырып тастап та жатады.

Ластанған қоршаған орта Жер бетіндегі тіршілік атаулыға зиян келтіреді. Жануарлар қалыпты тіршілігін  өзгертіп, үйілген қоқысты табиғи азық орнына қабылдап жүр.

Тобыл-Торғай экология департаментінің мамандары, «Жасыл ел» жастар отрядының мүшелері және Қ. Жұбанов атындағы университеттің студент-экологтары жыл сайын қаланы, Елек өзенінің жағалауын қоқыстан тазалау бойынша жүргізілетін сенбіліктерге қатысады. Ортамыздағы экологиялық мәдениеттің не екендігін түсінбейтін, «өмір сүріп отырған ортаны ластамау» қағидасына көңіл аудармайтын адамдардың тастаған қоқыстары жүк көлігіне тиеліп, полигонға тасымалданады.

Есіңізде сақтаңыз: демалған жерде арнайы жәшіктер болмаса, қоқысты үйіп тастап кетудің қажеті жоқ.

Ең дұрысы – қоқысты өзіңізбен бірге ала кету, сонда ғана келесі жолы демалысыңызды таза жерде өткізетін боласыз.

Кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету – біздің қолымызда.

Л. ИМАНҒАЗИНА,

Тобыл-Торғай экология департаментінің маманы.

Қалдықтардың ыдырау мерзімі және келтірілетін залалдар жөніндегі төменгі кестені ұсынып отырмыз:

Өнім Материал Табиғат

қа келтіріле

тін залалы

Адамға келтірілетін залалы Ыдырау жолдары Ыдырау

дан пайда болған ақырғы өнімі

Ыдырау уақыты
Тамақ қалдықтары Залал

келтірмейді

Шіріген ас қалдықтары – микробтар ордасы Әр түрлі микроағзалар қорегіне айналады Микроағзалар, көмірқышқыл газы және су 1-2 апта
Қағаз қалдық

тары

Кейде балауыз сіңген және әр түрлі бояулармен боялған Қағаз залал келтірмейді, бірақ бояулар

дан улы газдар бөлінеді

Ыдыраған бояулардан улы газдар бөлінеді Әр түрлі микроағзалар қорегіне айналады Шірінді, әр түрлі микроағзалар, көмір қышқыл газы және су 2-3 жыл
Матадан жасалған бұйымдар Матаның синтетика және табиғи түрлері болады. Ақпарат табиғи маталар үшін ұсыныла

ды

Залал келтірмейді Залал келтірмейді Кейбір микроағзалар қорегіне айналады Шірінді, әр түрлі микроағзалар, көмірқышқыл газы және су 2-3 жыл
Ағаштан жасалған бұйым

дар

Ағаш Келтірмейді Жарақаттауы мүмкін Кейбір микроағзалар қорегіне айналады Шірінді, әр түрлі микроағзалар, көмірқышқыл газы және су Бірнеше ондаған жылдар
Консерві құтыла

ры

Мырыш

пен немесе қалайы

мен қапталған темір

Мырыш, қалайы және темір қосынды

сы көптеген ағзалар үшін улы. Құтылар

дың үшкір жиектері жануарларды жарақаттайды

Жалаң аяқ жүрген кезде жарақаттайды. Құтыларға су жиналады, онда қан сорғыш жәндіктердің балаң құрттары дамиды Оттегінің әсерінен темір баяу тотығады Ұсақ тот кесектері немесе еріген темір тұзы Жерде бірнеше ондаған жылдар, тұщы суда – 10 жылға жуық, тұзды суда – 1-2 жыл
Металл

дар

Темір немесе шойын Темір қосынды

лары көптеген ағзалар үшін улы. Металл кесектері жануарларды жарақаттайды

Жарақаттауы мүмкін Суда еріген немесе ауадағы оттегінің әсерінен темір тотығына дейін баяу тотығады Тот ұнтағы немесе ерітілген темір тұзы Жерде 1 мм тереңдікте -10-20 жыл, тұщы суда – 1 мм тереңдікте 3-5 жыл, ащы суда – 1 мм тереңдікте 1-2 жыл
Сыра және басқа да сусындардың құтылары Алюминий және оның қорытпасы Құтылардың үшкір жиектері жануарларды жарақаттайды Құтыларға жиналған суда қан сорғыш жәндіктердің балаң құрттары дамиды Оттегінің әсерінен алюминий тотығына дейін баяу тотығады Алюминий тотығы немесе тұзы Жерде жүздеген, жылдар, тұщы суда бірнеше ондаған жылдар, ащы суда бірнеше жыл
Фольга Алюминий Залал келтірмейді Залал келтірмейді Оттегінің әсерінен алюминий тотығына дейін баяу тотығады Алюминий тотығы немесе тұзы Жерде бірнеше ондаған, жылдар, тұщы суда бірнеше жылдар, ащы суда – 1-2 жыл
Шыны ыдыстар Шыны Сынған шынылар жануарларды жарақаттайды Сынған шынылар жарақаттауы мүмкін. Құтыларға жиналған суда қан сорғыш жәндіктердің балаң құрттары дамиды Баяу жарылады және температураның ауысуынан шытынап сынады; шыны біртіндеп кристалданады және шашылады Түрі құмға ұқсас ұсақ шыны үгінділері Жерде жүздеген жылдар, суда – 100 жылға жуық
Кірпіштер Күйдірілген алюмосиликат Залал келтірмейді Жарақаттайды Температураның ауысуынан үгіледі және шашылып қалады Ұсақ кірпіш үгінділері Жерде бірнеше

мыңдаған, жылдар,  суда бірнеше жүздеген жылдар, жағалау жолақтарында бірнеше жылдар

Пластмассадан жасалған бұйымдар Әр түрлі пластмассалар Топырақта және су қоймаларында газ алмасуға кедергі жасайды. Жануарлар жұтып қойып, нәтижесінде өліп қалуы мүмкін Пластмассалар ыдыраған кезде улы газ бөледі Оттегімен баяу тотығады. Күн сәулесінің әсерінен баяу бұзылады Көмірқышқыл газы және су 100 жылға жуық және одан да ұзақ
Тамақ өнімдерінің орамалары Қағаз және әр түрлі пластмасса түрлері Жануарлардың жұтып қоюлары мүмкін Ыдырау кезінде улы заттар бөледі Ауа оттегісімен баяу тотығады. Күн сәулесінің әсерінен баяу бұзылады Көмірқышқыл газы және су 10 жылға жуық және одан да ұзақ
Батареялар Мырыш, көмір, марганец тотығы Барлық организмдер үшін өте улы Адам үшін улы Оттегінің әсерінен тотығады Мырыш және марганец тұздары Жерде – 10 жылға жуық, суда бірнеше жыл, ащы суда – 1 жылға жуық

(Кестедегі мәліметтер www.real-press.com сайтынан алынған).

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button