ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Анар ДАРЖАНОВА,
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында салық саясаты, экономиканың өсуі, инфрақұрылым мәселелеріне айрықша тоқталды. Сұхбат барысында халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері кеңінен қамтылды. Мемлекет басшысы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын ерекше атап өтті. Мұнда ашықтық, сыншыл көзқарас пен еліміздің даму бағыты мен перспективасы айқын байқалады.
Биыл еліміз Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығында жаңа өзгерістер мен жаңа тәуекелдерге қадам басқалы тұр. Әлемдік аренадағы ахуалды ескере отырып, қабылданып жатқан реформалардың мемлекетіміз үшін маңызы зор. Еліміз жаңғыру жолына түсіп, қоғам болмысы мен бет-бейнесін түбегейлі өзгертуге тиіс.
Тағы бір маңызды мәселе — Презиенттің биылғы жылды цифрландыру мен жасанды интеллект жылы деп жариялауы. Бұл — заман талабы. Бастама әлемдік үрдістермен үндесіп қана қоймай, елдің экономикалық, әлеуметтік және басқару жүйесін жаңғыртып, жастардың стартап және және инновациялық жобаларының дамытуына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатына сүйене отырып, еліміз жаһандық сын-қатерлерді еңсеріп, тұрақты даму жолын жалғастыратыны сөзсіз.



