Мектеп пен балабақша құрылысы аяқталды

Іссапар
Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барып, бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді.
Аудан орталығында екі әлеуметтік маңызы бар нысан— 320 орындық мектеп пен 150 орынға арналған балабақшаның құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.
Асылбек Есенбаев мердігер ұйымға нысандарды созбалаңға салмай, аудан балансына қабылдауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Бұл білім беру мекемелерінің алдағы уақытта оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Ойыл өзені арқылы салынатын көпірдің құрылысымен танысты. Ауданның көлік қатынасы үшін стратегиялық маңызы бар нысанда жұмыс күшейтілген режимде, екі ауысыммен жүргізілуде. Қазіргі таңда сегіз тіректің жетеуі орнатылған, көпір аралықтарына арқалықтарды монтаждау жалғасуда. Сапар қорытындысы бойынша Асылбек Есенбаев бетондау жұмыстарын қысқа мерзімдеаяқтап, ақпан айының соңына дейін көпір арқылы техникалық жүрісті қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойды. Уақытша болса да қозғалыстың ашылуы жол қатынасының жақсаруына, әлеуметтік ахуалдың төмендеуіне оң әсер ететіні айтылды.
Д.ҚАЗИХАН.



