ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ — БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ КІЛТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөзде жарияланған сұхбатында көтерілген өзекті мәселелер мен тың бастамалар ұстаздар қауымы үшін де үлкен серпіліс болды. Президент: «Кәсіби кадрларды даярлау үшін мектептер мен университеттерде тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алды. Көп ұзамай Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады», — деп атап өтті. Бұл білім беру саласының жаңа кезеңге қадам басқанын білдіреді.
Ұстаз ретінде мен бұл бастамаларды толық қолдаймын. Жасанды интеллект — болашақтың тілі. Оқушыларымызды осы бағытта даярлап, технологияны дұрыс меңгерту — біздің басты міндетіміз. Бүгінде мектептерде жасанды интеллектпен жұмыс істеу арқылы білім беру сапасы артып келеді. Оқушылар дербес білім алып, шығармашылық қабілетін дамыта алады. Ал алдағы уақытта ашылатын Жасанды интеллект университеті білікті мамандар даярлаудың тірегіне айналатынына сенемін.
Нұрболат ҚҰЛЖАБАЕВ,
Ақтөбедегі №10 жалпы орта білім беретін мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары.



