Білім

Білім сапасы артты

Брифинг

Өткен жыл облыстың білім саласы үшін тың жобалар, сапалы өзгерістерге толы болды. Мемлекет басшысының білім саласы бойынша берген тапсырмалары былтыр облыста толық орындалды.

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста өткен жылы 2747 орынға арналған 34мектепке дейінгі ұйым ашылып, 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 95,2 пайызғажеткізілген. Биыл бұл көрсеткішті 97,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

— Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігі ретіндемектепке дейінгі 237ұйымға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп,13 313 ваучер таратылды.387 консультациялық пункт ашылды.

Биыл 2500 орындық 18 мектепке дейінгі ұйым ашу, 36 балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр. Сонымен бірге кезекке тұрмаған балаларды балабақшамен қамту, Құзыреттілік орталықтарының табысты педагогикалық тәжірибесін тарату, педагогтердің сапалық құрамын 10 пайыз арттыру, «Заманауи балабақша» моделін әзірлеп, іске қосу, «Жасыл балабақша» және «ІТ-балабақша» жобаларын жалғастыру секілді жұмыстар жүргізілмек, — дейді Б.Күзембаева.

Орта білім саласында да білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара  жүзеге асырылды. Жалпы облыс бойынша білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда 2,5% артқан. Ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру мақсатындағы «Ауыл мектебі — сапа алаңы» жобасы аясында тірек мектептер саны 24-ке,магнитті білім беру ұйымдары 105-ке артты. 24 540педагог жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттырды.

—Білім сапасын арттыру мақсатында «5Б», «Білімге жол», «Ментор-мектеп», «Педагогтерге мобильді көмек» жобалары жүзеге асырылып, білім беру ұйымдарының  оқу-тәрбие жұмысына әдістемелік қолдау жасалды. Облыс оқушылары республикалық және халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетті. Ақтөбе облысының құрама командасы «Ең үздік олимпиадалық команда», 2 оқушы беделді халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды. Алты мектебіміз топ 100 үздік мектепке кірді.Ақтөбе қаласындағы Қонаев атындағы мектеп-гимназия облыста тұңғыш рет халықаралық аккредитациядан өтті.

Орта білім саласында биыл «АІ мектеп: білім берудегі инновациялық шешімдер», мектептерде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу», «Шеберлер шыңы» жобаларын іске қосу арқылы физика, химия, биология пәндері бойынша білім сапасын және оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар оқушылардың инженерлік ойлау, алгоритмдік және логикалық ойлау дағдыларын жоғарылату мақсатында  «Smart robo — 2026»байқауы жылына 2 рет ұйымдастырылатын болады, — деді Б.Күзембаева.

Педагог кадрлардың әлеуетін арттыру аясында 1173 педагог жұмысқа қабылданған. Биыл педагогтердің сапалық құрамын 80 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

— Ерекше балаларды білім беру ортасына қосу бағытында мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептер мен колледждерде инклюзивтік білім беруге жағдай жасалып, 22 инклюзивті оқытуды қолдау кабинеті, бір облыстық ПМПК, бір ППТК филиалы ашылды. Аутистік спектрде бұзылыстары бар балаларға 1179 GPS трекер сатып алынды. 136 орындық «Жұлдыз» арнайы балабақшасы іске қосылып, 300 орындық арнайы балабақшаның құрылысы басталады. Облыстық арнайы мектеп жанынан қосымша құрылыс салынды. Ерекше балаларды қолдау мақсатында  биыл 30 инклюзивті қолдау кабинетін,2 КППК филиалын ашу, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйым үлесін 95 пайызға, мектептер үлесін  100 пайызға жеткізу және жоғары гуманитарлық колледжден дефектолог-логопед мамандығын ашу жоспарланып отыр, — деді Б.Күзембаева.

Биыл қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін 95 пайызға арттыру, бір қосымша білім беру ұйымының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру, ваучерлік қаржыландыру механизмін аудандарға енгізу, жасөспірімдерге жасанды интеллект арқылы онлайн диагностика жүргізуді іске қосу, сондай-ақ балалар тасымалын ұйымдастыруды бәсекеге қабілетті ортаға беру жоспарланып отырғаны айтылды.

Мемлекет басшысының өткен жылды  Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялануынаорай техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша бірнеше іс-шара өткізілді. Жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі2 есе артып, 9 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға  жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ жоғары политехникалық колледж жанынан ІТ-хаб құрылысы басталды. Төрт колледжде 4 жаңа мамандық ашылды. Биыл мақсатты мемлекеттік тапсырыс көлемін 900-ге арттыру, нарықта сұранысқа ие тағы 4 мамандық ашу, 2 колледж базасында кіші кәсіпорын құру, т.б. жұмыстар жоспарланып отыр.

Үш ауысымдық пен орын тапшылығы, апатты және ескі бейімделген мектептердің мәселесін шешу үшін былтыр 13 950 орынға арналған 29 мектептің құрылысы жүргізілді.Қазіргі таңда 6 920 орынға арналған 10 мектеп пайдалануға берілді. 2 мектептің құрылысы аяқталып, алым-берім құжаттары рәсімделіп жатыр.

Б.Күзембаева баспасөз мәжілісі соңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, балалардың қауіпсіздігі, тамақтану, қосымша білім беру, білім саласына жасанды интеллектіні енгізу, т.б. бағыттарда атқарылатын жұмыстар туралы толық ақпарат берді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button