…Азамат жөні бір бөлек!
Бастау
Қазақта «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мағынасы терең бір ұғымды сөз бар емес пе?! Бүгінде сондай жігіттерді көбірек іздейтін болдық. Елдің арқа сүйер тірегі, көпшіліктің алдына салар азаматтары біраз тірлігіміз ілгерілеп, жан-жағымыз жайлана бастаған осы тұста да молырақ керек екенін сезініп жүреміз. Сондайда біздің ойымызға Зұлқожа Қожаев сынды елдің қамын ойлайтын, халқына жаны ашып, игілікті істерді тындыруға ұмтылып жүретін, бітімі бөлек, жүрегі жылы жандар оралады.
Зұлқожа Қожаев — қазіргі уақытта өзіміздің Ақтөбе өңірі ғана емес, республикаға да кеңінен танымал кәсіпкер, өзі дүниеге келген Мәртөк ауданының құрметті азаматы, «Құрылыс саласының көшбасшысы» атағының, «Құрметті құрылысшы» медалінің иегері.
Ол осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын құрылған, бүгінде құрылыс жұмыстарымен шұғылданатын «Әлихан Ойл З» компаниясының басшысы.
Зұлқожаның еңбек жолының басталуының өзі қарапайым. Ол Темір совхоз-техникумын бітіргеннен кейін мал маманы болып қызмет атқарды. Еңбек ете жүріп, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітіріп алды. Білім мен тәжірибені берік ұштастыра білген ол заманауи ғылым жетістіктерін, озық технологияны игеруді, жақсы жаңалықтарды жадында ұстауды дағдыға айналдырды.
Сонымен бүгінде есімін ел білетін азамат алпыс атты асуға да қол созыпты.
Біз өзіміз жақсы көретін, сыйлайтын Зұлқожа ініміздің бұл биігіне толағай табыстармен келгенін мақтан тұтамыз, оның әрбір ірі іс-қимылдарына қуана қол соғамыз. Сол ризашылығымызды бүгінгі мерейтой тұсында көпшілікпен бөліскіміз келеді.
Тарихқа тағзым
Біз тарихымызды тануға ұмтылған, өткенімізден өнеге алуды жөн көретін халықпыз. Сондықтан еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ата-бабамыз жүріп өткен жолдарға зерделеп қарап, жоғалтқанымызды жабыла іздедік. Тапқанымызға тәу етіп, елдіктің ескерткіштерін биік етіп тұрғызуға бағыт ұстандық.
Осындай тұста Зұлқожа Қожаев ел алдында өзіне тән қажыр-қайратымен, жүрек жалынымен жарқылдап көрінді.
Кешегі күні Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясындаӘйтеке би ауданындағы Хан моласы қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері,
даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешен ашылғанын жалпы жұртшылық ұмыта қоймаған болар. Ал елімізге абырой әкелген сол шаруаны қолға алған, тиянақтап бітірген — кәсіпкер Зұлқожа Қожаев.
«Біткен іске сыншы көп». Бүгінде байыптап қарасақ, сол іске өте қажырлы еңбек жұмсалған екен.
Анықтық үшін айта кетелік. Аталған мемориалды кешеннің биіктігі — 24 метр. Ал жалпы жоба құны 257 миллион теңге деп есептеліпті. Керемет кешен кесене мен қазақтың үш жүзін бейнелейтін үш ту түріндегі стелладан тұратынын барған жұрт байқаған болар. Бұл жердегі туларда бүкіл қазақ руларының таңбалары басылған.Аталған жоба ашық аспан астындағы музей іспетті.
Он жеті жасында Кіші жүз ханы болып сайланған Әбілқайырдыңқазақ тарихында алатын орны айрықша. Оның тұлғасы қазіргі уақытта бұрынғыдандатереңірекзерделенуде. Осы құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында Зұлқожа ініміз бір жағынан тарихшы да болып кете жаздағанын жасырмайды.
Толыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым, Қабырға өзенінің Өлкейекөзеніне құяр сағасынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым 400 метр жерде орналасқанХан моласы қорымын 1771 жылы капитан Н.Рычков, 1832 жылы А.Левшин, 1835 жылыД.Эристов, 1898 жылы И.Крафт, ал 1979 жылдан бастап С.Әжіғалиев басқарғанэкспедиция зерттеген. Бұл тарихи мекенге еліміздің көрнекті тұлғалары Әбіш Кекілбай,Өзбекәлі Жәнібеков те ерекше назар аударды. Осының бәрін ой елегінен өткізген Зұлқожа Әбілқайыр сынды алып тұлғаның бейнесін қолына түскен тарихи деректер, әдебиеттер арқылы біраз зерделейді.
— Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешен құрылысын жүргізу маған жүктелгентарихи міндет, үлкен жауапкершілік екенін ұғындым. Осы құрылыстыжүргізу барысында Әбілқайыр ханның серігі Бопай ханымның өмірбаянын білгім келіп, ол туралытарихи мәліметтерге үңілдім. Хан моласына зиярат етуге Құлсарыдан арнайы келгенИслам қажының көмегімен Бопай ханымның өмір жолымен тереңірек танысуға бағытұстадым, — дейді Зұлқожаның өзі.
Әбілқайыр хан кесенесі құрылысы аяқталып, белгіленген шаралар жүзеге асқаннан кейін де Зұлқожа бұл жерге барып тұрады.
Тіпті Қожаевтар әулеті болып Хан моласында Әбілқайыр хан мен оның зайыбы Бопайханымға арнап үлкен ас беруі де игілікті іс ретінде бағаланды. Бұл жиында ханның ұрпақтары мен еліміздің бірнешеоблысынан келген қонақтар бас қосты. Олар кең далада арнайы тігілген киіз үйлерде демалып,аруаққа тағзым етті.
Дипломат-ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Мадрид университетінің профессоры Самат ӨтениязовЗұлқожа бауырының Әбілқайыр хан рухын ұлықтаудағы жанкештіеңбегін көзімен көріп, «Сен осы заманның батырысың, інім!» деген екен. Бұны белгілі ғалымның ғана емес, оны білетін көпшіліктің де бағасы деп қабылдауға болатын сияқты.
Билік басындағы тұлғалардың жанындағы жұбайлары қай кезде де азаматының абыройын ойлап, сол жолда аянбай қызмет еткен. Сондай жандардың бірі Бопай ханым да бүгінде өз бағасын алуда.
Бастапқыда Құлсарыда Бопай ханымға арналған ғылыми конференция өткізілді. Оған ілесе Ақтау қаласындағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг университетінде Бопай ханымның 325
жылдығына арналған «Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның өмір жолы және ұлт
тарихындағы орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және тізгін қақты. Осы жиындардың бәріне де Зұлқожа Қожаев ықыласпен қатысты.
Ақтаудағы жиынның өзіне әсер еткені соншалық, көпшілік ортасында сөз алып, Бопай ханымның құрметіне Ақтөбеде балабақша ашатындығы туралы уәдесін беріп те салды. Бүгінде Ақтөбе қаласының көрнекті бір ауданында 200 бүлдіршінге арналған «Бопай»атты балабақша ойдағыдай жұмыс істеп жатыр.
Атап өтерлік бір ерекшелігі, балабақшаның атауынан бастап кіреберісі, іштегі әрбір көрініс Бопай ханымның есімін келушілердің есіне салып отырады. Яғни осында тәрбиеленген әрбір бүлдіршін Бопай ананың кім болғанын ұғып шығады.
Айтпақшы, кәсіпкер ініміз мұнымен тоқтап қалған жоқ, Атырау, Ақтау бағытындағы Шұбарқұдық ауылы тұсынан 2 миллиард теңге инвестиция салып, үлкен кемпинг ашты, оған да Бопай ана есімін берді.
Кемпинг аумағындағы көрнекі жерге Бопай ханым портретін ілдіріп қойды. Бір қызығы, бүгінде үлкен сапарға шыққан жолаушылардың көпшілігі осы тұсқа арнайы бұрылып келіп, аялдайды, тағзым етеді, аруаққа дұға бағыштаушылар да бар.
Осылайша Зұлқожа Қожаев тарихқа тағзым ету арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге де үлес қосып келеді, үлкендерге де ұлағат жолын ұсынуда.
Көптің алғысы
Әдетте көпір салуды мұсылмандықтың бір игілікті ісі деп есептейді. Мына тұрған іргедегі Алға ауданындағы Бесқоспа ауылы тұрғындары ұзақ уақыт бойы ескі
көпірдің қияметін көріп келді. Ыңғайлап салынған көпір жылма-жыл тасқынды суға
шыдас бермей, ағып кете береді. Ауыл адамдары көрініп тұрған қол созым жердегі арғыбетке өте алмай, талай қиналды. Жаз бойы жайлап ағатын Елек өзені көктемде күшіне мініп, тұрғындарды талай рет әуре-сарсаңға салды.
Не нәрсенің де бір реті болады ғой. Сол күндерде осы өңірде ірі құрылыс жұмысын жүргізіпжатқан Зұлқожа Қожаев ауыл адамдарын мазалаған проблеманы көзімен көріп, оны шешу жолдарын қарастырды. Сөйтіп ұзындығы — тоғыз метр, ені бес жарым метрдей болатын көпірді өз қаражатына салып берді.
Қазір ауыл тұрғындары бір күнгідей болмай бұрынғы қиындықтардың бәрін ұмытты. Тек Зұлқожаның жақсы есімі олардың әрқайсысының жүрегінде жаттаулы.
Биыл Ақтөбеде балалар академиялық стадионы ашылды.Оның құрылысын да Зұлқожа Қожаев жетекшілік ететін «Әлихан Ойл-3» компаниясы жүргізді. Құны 2,6 миллиард теңгеге бағаланған бұл академияда алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар жаттығады. Балалардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалған. Бұл — жас буынды жан-жақты жетілдірудің бір қадамы іспетті. Болашақта бұл академиядан талантты футболшылар өсіп шығатынына Зұлқожа бек сенімді.
Мәртөк ауданының орталығында кикбоксингтен республикалық турнир өткізу қазіргі уақытта берік дәстүрге айналды.
Бұл ауқымдағы сайыстар Қожаевтардың ілгері буыны Ізім Қарасайұлын, Ізмағамбет Қарасайұлы мен өмірден ерте кеткен Зұлпыхар Ізімұлын еске алуға арналған шара ретінде ұйымдастырылады.
Бұл турнирге кейінгі жылдары Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент
облыстарынан, Ақтөбе қаласынан және Мәртөк, Қобда аудандарынан жас спортшылар қатысуда.
Мәртөк спорт мектебінің түлегі Азамат Наурызбаев кішкентайынан кикбоксинг үйірмесіне қатысып, әлем чемпионы дәрежесіне дейін көтерілді, қазір облыс бойынша ағажаттықтырушы. Сондай-ақ Сергей Липинец, Илья Заможний — Мәртөк өңірініңмақтанышы. Ал Зұлқожа Қожаевтың өзі соңғы бірнеше жылдан бері облыстықкикбоксинг федерациясын басқарады.
Зұлқожаның бастамасымен Мәртөкте үлкен саябақ жасақталып, онда «Анаға
тағзым» ескерткіші орын алды. Бұл балаларының Айғанаш анаға ғана емес, оның замандастары үлкенді-кішілі абзал жандарға деген құрметі іспетті. Мәртөк өңірінен түлеп ұшып, қазіргі уақытта басқа жерлерде тіршілік етіп жатқан, есейіп, егде тартқан аға-апалардың өздері туған жерді сағынып келгенде ең алдымен осында бұрылып, бір сәт ана құшағына енгендей күй кешеді, өздеріне қымбат, асыл жандардың рухына тағзым етеді.
…Мәртөк өңіріндегі қарапайым еңбек адамдары Ізім мен Айғанаштың отбасында үлкені Айнабек, оған жалғас Зұлпыхар, Зұлқожа, Қамқа, Әділбек және Әділ атты алты ұл орталарына екі қызғалдақ бауырларын алып, тату-тәтті өсті. Кенже ұлдары Әділ дүниеге келгенде Айғанаш апа қырық төртте, Ізім елу бес жастың биігін бағындырған ел ағасы екен.
Сол Ізім қарияның бала тәрбиесіндегі өзгеше бір қырлары бүгінде өнеге ретінде айтылады ел ішінде. Балалары ержете келе, жиырма-жиырма бір жас шамасында үйлендіріп, аяқ-қолын матап тастайды екен қария. Неге деген сауалға, «Көзім тірісінде жамандарымды көріп кетейін!» дейді екен. Ал арғы ойы ерте үйленген ер бала шаңырағына ие болып, жауапкершілікті жастайынан сезінсін дегендікке ұласады екен.
Екінші бір ерекшелігі балаларының барлығын да буыны қата бастағаннан еңбекке араластырған. Оның да нәтижесі бүгінде айқын көрінді. Ізім балаларының қолы тиіп кеткен жерден берекелі іс көрініп, оның игілігін ең алдымен ел-халық көруде.
* * *
Мен 1999-2006 жылдар аралығында Мәртөк ауданы әкімі қызметін атқардым. Сондықтан да бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, даму мүмкіндіктерін біршама жақсы білемін. Сол тұстарда аудан орталығында мектеп-гимназия ғимараты бой көтерді, Мәртөк селосын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. «Ауызсу» бағдарламасы Мәртөк селосында да жүзеге асырылды. Осындай және басқа да біраз игілікті шаруалар тындырылғанымен, біраз жұмыстың жобасы көңілімде кетті. Сондайда «шіркін-ай, елден шыққан қаржылы азаматтар туған жерлеріне көмек қолын созса, біраз демеу болар еді-ау» деген ой ылғи да мазалайтын.
Ондай жігіттер бар екен. Бір күндері Зұлқожа Қожаевтың бастамасымен біраз істер атқарыла бастағанын байқап, қатты риза болдым.
Бүгінде ол ел алғысына бөленуде. Зұлқожа інім алпыс жасына ат үстінде жүріп келді. «Арғымағың алыстарға шаба берсін, алдыңнан ақ жол ашылып тұрсын ылғи да!» деп тілек білдіргім келеді мәртебелі жас иесіне!
Серік БОТАҒАРИН,
мемлекеттік қызметтің ардагері,
Мәртөк ауданының құрметті азаматы.