Мәдениет

«Алаштың алдаспаны — Әйтеке би»

Конференция

Қарабұтақ ауылдық музейінде әділдігімен әйгілі болған, ақиқаттың алдаспаны атанып, елді өнегелі ісімен өрге сүйреген, қылыштан да өткір қызыл тілдің иесі атанған, абыройы асқақ, беделі биік Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына арналған «Алаштың алдаспаны — әйгілі Әйтеке би» атты аудандық конференция ұйымдастырылды.

Жиынға Әйтеке бидің ұрпағы Асылбек Жадырасынов ақсақал, Әділхан Анарбайұлы, Кәдірбек Науанов, Зоя Мекетайқызы, тағы да басқа ілгері буын өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

Әйтеке би аудандық музейінің қызметкері Гүлнар Есмағанбетова баяндама жасап, баба ғұмырнамасына шолу жасады.

«Әйтеке би — қазақ мемлекеттілігі тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында Белқопа орта мектебінің мұғалімі Жайнагүл Сағындықова сөз өрбітті.

Әйтеке би ауданы тарихындағы елеулі кезеңдер жөнінде «1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Қарабұтақ» тақырыбында Еңбекту орта мектебінің мұғалімі Мұхтар Әжиев өз баяндамасын ұсынды.

Н.ДӘНЕКЕРОВ,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button