Мәдениет

Қаламгерлер кеші

Оқитын өлке

«Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында Құрашасай үлгілі кітапханасында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

Мәселен, «Оқитын өлке» акциясы барысында кітапхана қызметкерлері ауыл тұрғындарына жазушы, журналист және аудармашы Сара Мыңжасарованың шығармашылығын таныстырып, биыл туғанына 90 жыл толған көрнекті ақын Сағи Жиенбаевты еске алуға арналған іс-шара өткізді. Кездесуде авторлардың өмірбаяны, шығармашылықтары таныстырылып, «Өлке мақтанышы» бөлімінде екі автордың да жерлестеріміз екені айтылды.Одан соң «Өлкенің мақтаныштары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ақын өлеңдерін оқыған оқушыларға «Күншуақ» балалар журналы сыйға тартылды. Ал Айару Жұмалы Сағи Жиенбаевтың «Туған жер» әнін орындады.

«Талантымен танымал тұлғалар» жиыны Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналды.

«Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында «Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым» атты жәрмеңке өткізілді. Қазақтың ескі салт-дәстүрлерін еске түсіру мақсатында №77 орта мектептің 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, әжелері белсене қатысты. Жәрмеңкеде қазақтың дәстүрлі сүт тағамдары, қолөнер бұйымдары мен «Шебер қолдар» үйірмесінің шығармалары ұсынылды. «Бейнелеу өнері» клубының картиналары да көрмеге қойылды. Іс-шара Имран Бауыржанның «Ассалаумағалейкүм» әнімен ашылып, «Әжелер» ансамблі «Қырманға кел, қалқатай» және «Сәулемай» әндерін орындады. Домбырашылар тобы «Жастар биі» күйін орындап, Құралай Қибашева домбыраның сүйемелдеуімен бірнеше ән шырқады.

«Табиғатты құтқару шеңберін лақтыр» кеші экологиялық білім беру бағытында ұйымдастырылды. Кеш барысында табиғатты қорғау тақырыбында сайыстар мен ойындар өткізіліп, «Бұл — сенің жерің, менің жерім» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар экологиялық проблемаларды шешу жолдарын талқылап, суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау және қайта өңдеуге тапсыру секілді әрекеттердің тізімін жасады. Барлық қатысушыға «Табиғатты аялайық» атты кітапшалар таратылды.

Толқын ЕГІБАЕВА,

№11 моделді кітапхананың меңгерушісі.

Құрашасай ауылы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button