«Ақтөбенің» көмегі көп болды
Бауыржан ҚАНИЕВ, Парламент Сенатының депутаты:
—Бұқаралық ақпарат құралдары — билік пен халық арасындағы байланыстырушы көпір. Бұл орайда жергіліктімерзімді басылымдардың рөлі ерекше.
Ақтөбе облысында жауапты қызметтер атқарған тұста, әсіресе аудан әкімі болып қызмет еткен жылдары қоғамда болып жатқан маңызды мәселелерді, жүргізіліп жатқан жұмыстардытұрғындарғадұрыс жеткізу тұрғысында облыстық «Ақтөбе»қоғамдық-саяси газетінің көмегі көп болды.
Бүгінде ғасыр жасаған «Ақтөбе» газеті өз оқырманына күнделікті жаңалықтар мен оқиғаларды жеткізіп, түзу жөн сілтеп, олардың бағыты мен бағдарын айқындап беруші ақпарат құралына айналды. Өңірдегі өзекті мәселелер жайын басылым бетінен табуға болады. Газет арқылы адамдар өз ойларын ашық білдіріп жатады, қоғамдық-саяси пікір қалыптастыруда «Ақтөбенің» орны ерекше.
Биыл — «Ақтөбе» газеті үшін тарихи жыл. Редакция ұжымын жүзжылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Алар асуларыңыз көп болғай. Елдің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз еселене берсін!