Жаңалықтар

Біздің жүлдегерлер

Ауыл аманаты

«Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023-2024 жылғы жұмысын қорытындылаған республикалық семинар аясында аталған бағдарламаға қатысқан үздіктер марапатталды. Әр өңір бойынша «Үздік қайта өңдеуші», «Үздік кооператив», «Үздік тауарлық несие беруші»,  «Үздік ауыл әкімі» номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болғандар мараппатталды.

Ақтөбе облысында  екі номинация бойынша үздіктер анықталды. Олар — Шалқар ауданындағы «Нұралы» шаруа қожалығының иесі Кәмшат Төлеуова мен Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов. Олар сәйкесінше «Үздік тауарлық несие беруші»,  «Үздік ауыл әкімі» номинациялары бойынша бірінші орынға ие болды.

СеминарҚызылорда қаласындаөткізілді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған іс-шарада Парламент Мәжілісінің төрағасы, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов,облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауылшаруашылық басқарма басшылары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация мүшелері және ауыл әкімдері мен жоба қатысушылары бас қосқан.

Төрт күнге созылған семинар аясында бірнеше тақырыпта кездесулер өткізіліп, алдағы жоспарлар нақтыланды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button