Жаңалықтар

Заң аясында шешіледі

Қабылдау

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады. Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.

Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады.  Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.

Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға әрбір мәселеге қатысты заң аясында жедел шаралар қарастыруды және шешім қабылдауды тапсырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button