Мәдениет

«Шатлықтың» концерті

Бірлік

«Шатлық» облыстық татар және башқұрт этномәдени орталығы шығармашылық ұжымдарының есептік концерті өтті.

Оғанақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Язгы моннар» татар ән-би ансамблі, «Сәйлән» үлгілі би ансамблі, «Сайра, ГАРМУН» халықтық ансамблі, «Ак калфак» әйелдер клубы, «Мирас» жастар қанаты, Ғ.Құрмашев атындағы татар жексенбілік мектебі атсалысты.Іс-шара аясында өнерлі ересектер де, өнерпаз балалар да ән айтып, би биледі.

— «Шатлық» облыстық татар және башқұрт этномәдени орталығының негізі 1995 жылы қаланды. Алдағы жылы орталыққа 30 жыл толады.Бүгінгі іс-шара30 жылдық мерейтой алдындағы дайындықты пысықтау  тәрізді болды.Барлық ұжым бір кісідей жұмыла атсалысты. Әйелдер клубының мүшелері қолданбалы өнер, сурет өнері, ұлттық тағамдарды пісірубойынша шеберлік сабақтарын өткізді, — дейді бірлестік төрағасы ЭльвираХабибуллина.

Іс-шараға қатысушылар татар-башқұрт мәдениетімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдар әзірлеуді және қолөнер бұйымдарын жасауды үйренді. Шеберлік сабақтар тәжірибе мен білім алмасудың тамаша мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар орталықтың барлық құрылымдарының қатысуымен «Жаңа ұрпақтың менталды денсаулығына гаджеттердің әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мұндажиналғандар қазіргі технологиялар мен олардың жастардың психологиялық жағдайына әсері туралы пікірлесті. Ал «Мирас»жастар қанатының мүшелері үшін арнайы викториналық ойындар ұйымдастырылды.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button