Жаңалықтар

18 отбасы баспаналы болды

Баспана

Ырғы зауылында жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды.

Әрқайсысы 8 пәтерлі 2 қабатты үш бірдей тұрғын үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар, мүгедектігі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қоныстанады.

Бірнеше пәтер әлі де бос. Бұл үйлерге Ырғызға көшіп барған дәрігерлер орналасады.

Еске салайық, 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына барған сапарында аталған құрылыс нысанының жұмысымен танысып, мердігерлерге құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған еді.

Жаңа тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары,ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, мекеме басшылары қатысты.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев және еңбек ардагері, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Қуанышбай Кенжебаев, қуаныш иелерінің атынан ауыл тұрғыны Мөлдір Тасекенова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады.

Бұдан соң ардагерлер жаңа баспана иелеріне кілттерді табыстады. Ауыл ақсақалы Сейітқұл Махаев бата беріп, әжелер шашу шашты.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button